Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ пен Украина арасындағы әскери көмек жеткізу мәселесі бойынша барлық мәлімет жұмыс деңгейінде нақтыланып жатқанын мәлімдеді.
"Украинаның қорғаныс және сыртқы істер министрлері баяндама жасап, соның ішінде Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық мәселелеріне де тоқталды. Қазір жұмыс деңгейінде қорғаныс көмегін жеткізудің барлық аспектілері, оның ішінде әуе шабуылынан қорғаныс жүйелері бойынша да егжей-тегжейлі пысықтау жүріп жатыр. Қалай болғанда да, біз халқымыздың қорғалуына кепілдік беруіміз керек", – деді Зеленский сәрсенбіде жасаған бейнеүндеуінде.
Бұған дейін Украинаның қорғаныс министрлігі АҚШ-тан қару-жарақ жеткізу тоқтатылуы мүмкін деген хабарлар тарағаннан кейін Киев Вашингтоннан телефонмен келіссөз жүргізуді сұрағанын хабарлаған еді. Министрлік Киев "келісілген қорғаныс көмегін жеткізу тоқтатылатыны немесе оның кестесі қайта қаралатыны туралы" ресми хабар алмағанын атап айтқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ АҚШ қару-жарақ беруді тоқтата тұрмақ деген хабардан соң Киев Вашингтонмен келіссөз өткізуді сұрадыБұған қоса, Украина сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Киевтегі уақытша сенімді өкілі Джон Хинкельді шақыртқан. Елшімен әңгіменің басты тақырыбы – Ресейдің Украинаға қарсы әскери басқыншылығы жалғасып жатқан шақта Вашингтонның әскери көмегі жайлы болды.
Америкалық ақпарат құралдарының дереккөздерге сүйеніп хабарлауынша, АҚШ Украинаға қару-жарақтың кейбір түрін, соның ішінде Patriot әуе шабуылынан қорғану жүйесіне арналған ондаған зымыранды жіберуді уақытша тоқтатқан. Мұндай шешімге АҚШ-тың өз әскери қорларының азаюына байланысты алаңдаушылық себеп болған.
Украина қарулы күштерінің Әуе күштері басқармасының коммуникация бөлімінің бастығы Юрий Игнат сәрсенбі күні Донбасс.Реалии радиосы эфирінде украин армиясы әртүрлі елдерден жеткізілген әуе шабуылынан қорғану жүйелерін қолданып жүргенін айтты.
"Олар – Германия, Ұлыбритания және, әрине, Америка Құрама Штаттары. Америкалық қарудың үлесі едәуір көп. Бірақ мен жағдай мүшкіл деп айтқым келмейді", – деді Игнат.
Ол кейінгі айларда Украина Ресей күштері соғыс басталғалы бері зымыран мен дрондарды ең көп қолданып жасаған жаппай әуе шабуылдарын тойтаруға мәжбүр болғанын айтты.
Your browser doesn’t support HTML5
АҚШ Киевке көмекті уақытша тоқтатты. Украина қандай қарудан қағылады?