17-18 қыркүйек күндері Алматыда жас кинематографтардың қысқа метражды фильмдерінің алғашқы кинофестивалі өтті. «Байқоңыр» деп аталған бұл шараның «Еуразия» және «Бастау» халықаралық кинофестивальдерінен ерекшелігі - тәуелсіз, мемлекеттен ешқандай көмек алмайды. Фестивальді отандық кино туралы жазатын brod.kz веб-порталы шағын бюджетке ұйымдастырған. Жеңімпаздар 10 номинация бойынша марапатталды, бірақ ешкімге қаржылай сыйлық берілмеді.
Алматыда бүгін «Байқоңыр» кинофестивалі аяқталады. Конкурсқа қатысқан фильмдердің түгелге дерлігі нақты адам жайлы баяндайды. Байқауға ұсынылған шығармадан кейіпкерін іздеген жас кинематографистердің қарымы байқалады.
Алматыдағы қараусыз қалған трамвай депосында Қазақстандағы және әлемдегі адам құқығын қорғау проблемасын қозғайтын спектакль премьерасы өтті. Қойылымға елден қашқан екі босқынның тағдыры арқау болған. Екеуі де – жыныстық азшылық өкілдері.
Алматыдағы АРТиШОК театры 16-маусымын украиналық драматург Наталья Ворожбиттің «Ұят» пьесасы желісімен қойылған спектакльмен ашты. Пьесада қоғамдағы құндылықтардың құлдырауы көрсетілген.
Былтыр күзде Алматыда трамвай жұмысы уақытша тоқтаған еді. «Трамвай паркінің қазіргі күйі қандай, тағдыры не болады?» деген сұрақтарға жауап іздеген Азаттық тілшісі қала орталығындағы тіршілік белгісі байқалмайтын депоға барып қайтты.
Алматының орталығындағы тоғанға хаюанаттар бағынан әкелінген қос аққуды жіберіп, ескі дәстүрді қайта жаңғыртты.
Алматыда қазақтардың 19-ғасырдың ортасындағы тұрмысын сипаттаған британ саяхатшылар Томас және Люси Аткинсонның жазбалары мен суреттері таныстырылды. Қазақстанды аралаған саяхатшылар туралы кітаптың презентациясына Алатау Тамшыбұлақ есімді жалғыз ұлынан тараған ұрпақтары келді.
Советтік Қазақстанда комсомол ұйымы 95 жыл бұрын құрылды. Азаттық тілшісі Алматы мен қала төңірегіндегі комсомолды еске түсіретін орындарды аралап қайтты.
Алматы қаласындағы Сапарғали Бегалин атындағы белгілі балалар кітапханасының дербес статусын жоғалтуына қатысты туған дау әлі толастамай тұр. Азаматтық белсенділер билікпен диалог жүргізіп жатыр.
Алматыда маусымның 4-і күні басталған төртінші The Spirit оf Tengri этникалық музыка фестивалі екінші күн жалғасып жатыр. Республика сарайы алдындағы алаңда екі кеш бойы өтетін өнерпаздар концерті жұртшылыққа тегін көрсетіледі.
Мамырдың 18-і және 19-ына қараған түні Алматыдағы екі ірі мәдениет орны – орталық мемлекеттік музей және мемлекеттік өнер мұражайында кәсіби мереке – халықаралық музей күніне арналған «Музейдегі түн» акциясы өтті.
Аргентиналық фотограф Жан Паоло Минеллидің көрмесінен өнеркәсіп алыптары көп шоғырланған Өскеменде түсірілген әрі көңіл құлазытатын фотосуреттерді көруге болады. Азаттық тілшісі суреттердің «тілі» жетпеген кей жайттарды ашуға тырысты.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
В Государственном музее искусства имени Абильхана Кастеева в Алматы открылась выставка «Я – кочевник». На ней представлены работы Вагифа Рахманова и его дочери Наргис Рахмановой-Дресслер.
Қазақстандық танымал әнші Батырхан Шүкеновтің өмірден озғанына сәуірдің 28-і күні бір жыл толды. Оның қазасы Қазақстанда сирек құбылысқа айналған азаматтық ұйымшылдықты оятуға түрткі болды.
Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы киноэпопеяның бесінші көркем фильмі прокатқа шықты. Ол «Жұлдыздар тоғысқанда» деп аталады.
Тағы