Ақсәуле Әбітай - Азаттықтың Жамбыл облысындағы тілшісі. Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғанымен, ауыл тұрғындары қауіпті енді ғана сезіне бастағанға ұқсайды. Бейғам жұрт облыс аумағында коронавирус жұқтырған адам табылған соң ғана сақтық жасай бастаған. Адыраспан түтетіп, коронавирусқа қарсы ас беріп жатқандар да бар.
Ақтөбе, Шымкент және Тараз қалаларында да тұрғындар Дулат Ағаділді еске алды. Жиналғандар марқұмның рухына құран бағыштап, билікті кінәлілерді туып, жазалауға шақырды.
27 ақпанда Ақмола облысы Талапкер ауылында Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды. Екі күні бұрын Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында көз жұмған белсендімен қоштасуға, қатты боранға қарамастан, екі мыңнан астам адам келді. Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент пен Таразда марқұмды еске алды.
Тараз мектебіндегі "заңсыз ақша жинауды" сынаған соң жұмыстан қуылғанын айтып, президент пен министрге үндеу жасаған мұғалім қызметіне қайта алынды. "Ақша жинау" дерегін тексеру аяқталғанша қызметтен шеттетілген мектеп директоры өзіне "жала жапқандарды" сотқа беретінін айтады.
Жамбыл облысында нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары иесіз қалған иттерге үйшіктер әзірлеп, жануарларға қамқорлық жасайтын еріктілер ұйымына тапсырды.
Таразда кәмелетке толмаған баланы зорлау айыбы тағылған 38 жастағы азаматқа үкім шықты. Сот оны 25 жылға бостандығынан айырып, химиялық кастрация жасауға пәрмен берді. Адвокатының айтуынша, айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған.
14 қаңтар түс ауа Таразда бір топ әйел Жамбыл облысының әкімдігіне келіп, наразылық білдірді. Олар атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төлеудің жаңа тәртібіне қарсы шықты. Әйелдер билік отбасындағы әр балаға 21 мың теңге төлеуі тиіс дейді.