Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Әкімдік қазақ-өзбек шекарасындағы Бағыс ауылын "ратификация жоқ" деп Қазақстан картасына кіргізбей келген. 19 жылдан кейін мәселе бір ғана қаулымен шешілмек. Ал сыртқы істер министрлігі ратификацияның 2003 жылы жасалып қойғанын айтады.
Алматыда жер митингісі өтті. Алаңға келген жұрт "орман өсіру үшін" жерді шетелдіктерге жалға беруге үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Бұл заң жобасы қазір сенаттың қарауында жатыр. Жанболат Мамай бастаған топ "талап орындалмаса, аштық жариялаймыз" деді.
Шымкентте 70-тен астам кәсіпкер әкімдік алдына жиналып, қаланың бас санитар дәрігерін отставкаға жіберуді талап етті. Олар екі күн бұрын шыққан жаңа қаулыда шағын кәсіп иелерінің жұмысын тым шектеп тастаған дейді.
Қазақстанда бір айда бензин бағасы шамамен он пайыз қымбаттады. Жанармай бағасының өсуі елдегі барлық қалада байқалды. Бұған жұрт наразы. Ал экономист мұның жалпы нарыққа әсері тиеді деп отыр.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп, қызыл аймақтың саны беске жетті. Денсаулық сақтау министрлігі вирустың басқа штамдары анықталғанын мәлімдеді. Науқастың көптігі сондай Алматыда спорт сарайы емдеу орталығына айналған.
Қазақстанда жанармай қымбаттады. Кей аймақтарда АИ-92 маркалы бензин құны 5 теңге, Солтүстік аймақтарда бірден 14 теңге өскен. Бұған тұрғындар алаңдап отыр. Олар енді қызмет пен азық-түлік те қымбаттайды деп қауіптенеді.
Наурызға орай өткен ақындар айтысы, тарихи журналдың құрылған күні, ән байқауы сияқты бірнеше шараға Шымкент әкімдігі бюджеттен 565 миллион теңгеден аса ақша бөлген. Бұл туралы бюджет шығындарын зерделеп жүрген Zertteu Research Institute хабарлады. Шымкенттіктер мұны «ысырап» дейді. Жұрт шулаған соң
Мәтінді тіспен теріп, жұртқа жігер беретін жазбалар жариялап жүрген шымкенттік Шалқар қалай "мотиваторға" айналды? Ұзақ күйзелісте жатып, он жылдан соң өмірін өзгертуге кіріскен жігіттің хикаясы.
2014 жылы Нұр-Сұлтан мен Сеул бір айлық визасыз режим ашқан соң Оңтүстік Корея қазақстандықтардың заңсыз жолмен барып, нәпақа табатын еліне айналды. Азаттық тілшісі Оңтүстік Кореяға жұмысқа барған қазақстандықтармен, сол елге кеткен баласынан айырылған әкемен әңгімелесті.
Кентау – Қазақстандағы 27 моноқаланың бірі. Жергілікті билік 210 мың тұрғыны бар қалада ондаған мың адам "өзін-өзі еңбекпен қамтыған" деп көрсетеді. Тұрғындар жұмыссыздықтан қажыған азаматтардың басқа қалалар мен шетелге жұмыс іздеп кетуге мәжбүр екенін айтады.
22 ақпанда бір топ белсенді Шымкент қаласы әкімдігіне барып, әкім атына жазылған хат табыстады. Олар ай соңында әлеуметтік-саяси талаптар айтып, алаңға шықпақ. Жиналғандар жергілікті биліктің митинг өткізуге рұқсат етеріне күмәнмен қарайды.
Қазақстанның көп аймағында жалақысын көтеріп, жұмыс жағдайын жақсартуды талап еткен жұмысшы ереуілі жиілеп кетті. Құқығын қорғап шыққандардың бір тобы талабын орындатса, кейбірі жұмыссыз қалды. Сарапшылар ереуілдің көбейгеніне бірнеше себеп барын айтады.
Шымкенттегі жүзден аса жүргізуші мен кондуктор таңғы алтыда әдеттегідей қалада жолаушы тасуға емес, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, басшылыққа келді. Ереуілден соң компания айлықты өсіруге келісті.
3 ақпанда Шымкенттегі Shymkent bus компаниясының автобус жүргізушілері жалақыны көбейтуді талап етіп, жұмысқа шықпады. Олармен келіссөзде басшылық "компанияның шамасы жеткенше" жұмысшылар талабын орындауға келісті.
Тағы