Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасы жарылғалы жыл өтсе де зақымданған баспанада тұрып жатқан тұрғындар жәрдем көрсетпеді деп билікті сөгеді. Жергілікті әкімдік "үйін жөндеуге рұқсат етпеді" деп тұрғындардың өзін кінәлайды.
Шымкенттің 17 жастағы тұрғыны Абзалбек Өткіровті 23 мамырда бір топ қатарласы өлімші етіп сабап, ол он күннен соң көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, бес күдікті қамауға алынды. Оның төртеуі кәмелетке толмаған, біреуі 18 жаста. Азаттық қатыгездік құрбаны болған жасөспірімнің отбасымен сөйлесті.
Жұрт сайлауға түскен кандидаттарды біле ме?
Түркістан облысы Арыс қаласында былтыр әскери қоймада болған жарылысқа байланысты сот басталды. 16 айыпталушы, 1500 жәбірленуші бар. Іс 448 томнан тұрады. Сот отырысына келген Арыс тұрғындары істің Шымкент қаласында қаралуына наразы.
Маусымның 9-ында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болып сайланғанына бір жыл толды. Азаттық сайлаудағы жеңісіне мыңдаған адам күмән келтірген Тоқаевтың бір жыл ішіндегі қызметі жайлы өңірдегі тұрғындардың пікірін білген.
6 маусымда Шымкентте билікке қарсы митингіде қолшатыр ұстағандар Азаттық тілшісіне кедергі келтірді. Кейін оның бірін өзінің ішкі саясат басқармасынан екенін айтып қалды. 6 маусымдағы оппозицияның митингі кем дегенде алты қалада өтіп, полиция жүзден астам адамды ұстады.
6 маусымда Қазақстанның бірнеше аймағында да билікке қарсы наразылық өтті. Алайда оларды ойларын айтып үлгерместен полиция әкетті. Жиналғандар биліктен саяси тұтқындарды босатуды, жерді сатпауды, несиені кешіруді талап етті.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық огругінде еліне қайта алмаған 250-ден аса тәжік мигранты ауыл вокзалын паналап отыр.
Шымкентте созылмалы дертімен ауруханаға түсіп, кейін коронавирус анықталған екі адам өткен аптада қайтыс болған. Бірақ денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған комиссия олардың өліміне COVID-19 тікелей әсер етпегенін айтып, індеттен көз жұмғандар тізіміне қоспаған.
Мақтаарал ауданындағы Өргебас ауылының тұрғындары үкіметтен тасқын құлатқан үй, су шайған егістік пен қырылған малға өтемақы сұрайды. Жергілікті билік "комиссия шығын көлемін анықтап" жатқанын айтады.
13 мамыр түнде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы маңында бірнеше ауылды су алып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті биліктің хабарлауынша, кеше түстен кейін жауын көп жауып әуелі Қасқасу ауылындағы Қасқасу өзені арнасынан тасыған.
Түркістан облысы Өргебас ауылының тұрғындары тасқыннан бүлінген үйлеріне келіп, іске татитын заттарын жинастырып жүр. Кейбірі баспанамен қатар өзге мүліктің құнын үкімет өтеп берсе дейді. Ал егінін тасқын жойған диқандар биыл өнім болмайтынын, шығынға батқанын айтады.
Шымкент пен Түркістан облысында нөсер салдарынан өзен тасып, бірнеше ауылда жүздеген адам мекен-жайын тастап шығуға мәжбүр болды. Тасқын су жүздеген үйге жетіп, көше мен аулаларды тас аралас лайға толтырған.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын судан бүлінген кей үйлердің құжаты болмаған, кейбірі тіркелмеген. Баспанасыз қалған тұрғындар биліктің "үй алатындар" тізіміне ілінбегенін айтып шағынады. Шенеуніктер "ешкім далада қалмайды" деп сендіреді.
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында үйлері су астында қалған тұрғындарға арнап ден көп үйі бар жаңа аудан салынып жатыр. Бірақ кейбір тұрғын "Үкімет беріп жатқан жаңа баспана бізге берілмеді" деп шағынды.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Амангелді ауылында 174 оқушы сабақты пошта байланысы арқылы оқиды. Ата-аналар мұндай оқу әдісімен бала білім алып жарытпайды деп шағынады. Мектеп әкімшілігі оқытудың басқа амалы жоғын айтады.
Өзбекстанда жарылған Сардоба су қоймасынан келген су Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бес ауыл мен жеті мыңнан аса гектар егіс алқабын басып қалды. Мыңға жуық баспана қирап, отыз мыңнан аса тұрғын үй-жайын тастап кетті. Өлген малда есеп жоқ.
Өзбекстанда жарылған Сардоба су қоймасынан келген су Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас және Достық ауылдарын басып, жеті мыңнан аса гектар егіндікті шайып кетті.
Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы су басқан Жеңіс ауылының халқы үйде қалған заттарын өздері тасып әкетіп жатыр. Олар әкімдіктен көмек болмағанын, қауіп ерте ескертілмегенін айтады.
Тағы