Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Бүгін Шымкент қалалық әкімдігіне жиырмадан аса әйел барып, баспана мәселесін көтерді. Олар үкіметтің жергілікті билік арқылы тегін үй беру құзіретін "Отбасы банкіне" өткізу жоспарын естіп, үйсіз қаламыз ба деп алаңдайды.
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілік сотында Өзбекстан мен Тәжікстаннан Қазақстанға келіп жұмыс істеген мигранттарды соттау жалғасып жатыр. Судья сөзінше, күніне екі жүз іс қаралады.
Қазақстанда қызылша дерті асқынып тұр. Ақпан айынан бері 10 мыңға жуық науқас анықталған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, індет жұқтырғандар қыркүйектен бері күрт көбейген. Көбі бала. Кейбір өңірде жұқпалы ауруханаларда орын жетпей жатыр.
Шымкент әскери гарнизоны соты Жамбыл облысы Байзақ ауданының әскери бөлімінде 2021 жылы тамызда болған жарылысқа қатысты айыпталған алты адамға үкім шығарды. Төртеуі ақталды, екеуі 9 жылға сотталды. Сотталған екі сарбаз үкіммен келіспеді.
Қазақстанда оқушылар ата-анасы мен мектеп әкімшіліктері арасында орамал дауы тағы қозды. Билік бірыңғай мектеп формасы туралы бұйрыққа барлық оқушы бағынуы керек деп біледі. Ата-аналар орамал оқу процесіне кедергі емес дегенді алға тартып, баланың білім алу құқығы тапталды дейді. Бала омбудсмені ең алдымен баланың өзін қоғамда тең сезініп, құралыптастармен қатар білім алуы маңызды екенін айтады.
Қазақстанда әлеуметтік ахуалы нашар отбасындағы балалар тамаққа, киім мен оқулыққа мемлекеттен әлеуметтік көмек алады. Жай мектепте орын жетпегеннен жекеменшік мектепке ауысса, бала бұл көмектен қағылады. Осы мәселе ресми құжаттағы олқылыққа барып тіреліп тұр дейді ата-аналар мен құзырлы органдар.
"Әкімдік жерімді алып, уәде етілген өтемақыны төлемеді" деген Шымкент тұрғыны Бақытжан Ошақбаев жолды жауып тастады. Тас түсірілген жолдан өте алмай қалған халық шулап, оқиға орнына полиция келді. Әкімдік өкілдері тұрғынға тиісті өтемақы төленбегенін мойындады.
Биыл кейбір өңірлерде шаруалар жем-шөптің қымбаттығынан мал басын азайтуға мәжбүр екенін айтады. Қазақстан фермерлер ассоциациясы шөптің қымбаттауын қуаңшылықтан көреді. Ауыл шаруашылығы министрлігі мал азығын дайындау үшін жедел штаб құрылғанын хабарлады.
Биыл шілденің ортасында Сарыағашта бес жасар бүлдіршінді өлтірді деген күдікті өмір бойына сотталды. Судья оған кастрация жасауға да үкім шығарды. Бүлдіршіннің ата-анасы үкіммен келіседі.
Журналист қамауда отырғанда Журналистерді қорғау жөніндегі халықаралық комитет (CPJ) Қазақстан билігін Батырбековті тез арада босатуға үндеді. Батыбрбеков мақалалары үшін жиырма рет сотқа тартылып, бес рет әкімшілік қамауда болды.
Биыл жаздағы аптап Қазақстанның біраз аумағына, соның ішінде оңтүстік өңірлерге ауыр тиді. Түркістан өңіріндегі екі ауданда 46 градус ыстық болды. Бүкіләлемдік метеорология ұйымы биылғы шілде бұған дейін болмаған ең ыстық ай болды дейді. Қазақстанда да жыл өткен сайын ауа райы ысып бара жатыр.
Шымкент қаласының шетінде жүздеген шаңырақ кепе үйлерді паналап отыр. Арзан бағамен жалға берілетін бір-екі бөлмелі үйлер әбден тозған. Жуынатын жер жоқ, ондаған адам бір әжетханаға барады. Мұнда тұратындардың басым бөлігі — көп балалы жалғызбасты әйелдер.
Шымкентте Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың ата-аналары әкімдік алдына тағы жиналды. Қала әкімдігі алдындағы алаңға барған олар қолына плакат пен марқұм балаларының суретін алып келді. Олар наразыларға оқ атқан және оқ атуға бұйрық берген адамдарды табуды талап етті.
Түркістанда екі адамды "екі қой ұрладың" деп азаптаған алты полицей сотталды. Қалалық соты олардың "Заңсыз ұстау" және "Азаптау" баптарымен кінәлі деп тапты. Сотталушылар айыбын мойындамай, сот залында төбелес шығарды.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында мерт болған бес жасар қызды 14 шілдеде ауыл халқы ақтық сапарға шығарып салды. Ауыл адамдарының ашуы әлі басылмаған. Олар "қауіпті адамды оқшауламады", "қанша рет ұсталса да, лайықты жаза кеспеді" деп сот пен полицияны кінәлап жатыр.
Түркістан облысындағы Жібек жолы ауылында жоғалған бес жасар қыз бұрын сотталған адамның үйінен өлі табылған, денесінде зорлық-зомбылық іздері қалған деген суық хабар ауылды дүр сілкіндірді. Ашулы жұрт биліктен күдіктіні өздеріне беруді талап етті. Ауылға полиция енгізіліп, интернет ажырады.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында бұрын сотталған адамның үйінен өлі табылған бес жасар қыздың денесінде зорлық-зомбылық іздері қалғаны туралы суық хабар ауылды дүр сілкіндірді. Ашулы жұрт күдіктіні өздеріне беруді талап етті. Ауылға полиция кіргізіліп, интернет ажыратылды.
Тағы