Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Алматыда өтіп жатқан сотта прокурор "тыйым салынған ұйым қызметіне қатысты" деп айыпталған 13 азаматтық белсендінің бәрін жазалауды, соның ішінде төртеуін 5 жылға еркіндігінен айыруды сұрады. Белсенділер билікке бейбіт түрде талап айтқанына бола тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.
Қазақстанда халықаралық жолдардың ақылы болуына қарсылық білдіріп жүрген белсендіні полиция 28 қыркүйек күні ұстап, 15 күнге қамады. Оны босатуды талап еткен жақтастарының бірнешеуін ұстап әкеткен. Белсенділердің сөзінше, олар 30 қыркүйекте ақылы жолға, мәжбүрлі вакцианаға қарсы наразылық өткізбек болған.
Қазақстанда тұрмыстағы зорлық-зомбылық азаймай тұр. Ішкі істер министрлігі дерегінше, 2020 жылы тұрмыстағы зорлық 4,7 пайызға өскен, яғни былтыр ондай зорлық-зомбылық бойынша 1071 қылмыстық іс тіркелген. Зардап шеккендердің басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Тұрмыста қорлық көрген әйелдер мен балалардың біразы дағдарыс орталығы мен оңалту орнынан көмек іздейді. Қорлыққа төзіп жүре беретіндері де бар. Шымкенттегі "Көмек" зорлық-зомбылық көрген әйелдерге арналған орталыққа барып жүрген бірнеше адам Азаттық тілшісіне бастан өткен қиындықты айтып берді.
Түркістан облысында қуаңшылық салдарынан қымбаттаған жем-шөпті алуға шамасы жетпеген шаруа қолдағы малын азайтуға мәжбүр екенін айтады. Жұрт мал бағасы түсіп кеткеніне шағынады. Азаттық тілшісі өңірдегі ең ірі мал базары орналасқан Сайрам ауданына барып қайтты.
Шымкенттің Қызылжар ықшамауданы тұрғындары спорт алаңының орнына емхана салуға қарсы. Олар алаңды қазуға келген құрылысшылардың жолын бөгемек болды. Бірақ арнайы жасақ көшелерді жауып тастады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Қазақстанда жаңа оқу жылы қалыпты жағдайда басталмақ. Білім министрлігінің дерегінше, елде 3 жарым миллионнан астам оқушы мектепке барады. Жаңа оқу жылына дайындық қалай? Ата-аналар неге алаңдайды?
Қазақстанда террористік ұйым деп танылған "Талибан" қозғалысы Ауғанстанға толық бақылау орнатты. Осы тұста Қазақстан ауған босқындарын, соның ішінде АҚШ әскеріне көмектескен ауғандарды, қабылдайды деген сөз шықты.
Азаттық тілшісі Шымкенттегі Covid орталыққа айналған №2 қалалық аурухананы аралап, науқастармен сөйлесті. Қазір онда жағдайы ауыр сырқаттар, вирус жұқтырған жүкті әйелдер мен жас босанған аналар емделіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, орталықта күніне орташа есеппен 5-7 адам қайтыс болады.
Азаттық тілшісі Шымкенттегі коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын орталыққа айналған N2 қалалық аурухананы аралап көрді. Мұнда 370-ке жуық науқас емделіп жатыр. Олардың көбі тыныс алу аппаратының көмегімен демалады.
29 шілде түн жарымында Шымкенттің "Шымсити" ықшамауданының тұрғындары автокөлік жолын бөгеді. Ауыз су сапасына наразы бұдан басқа амалы қалмағанын айтады. Айтуынша, оларға ескі құбырдың иісітенген лай суын қосқан. Оқиға орнына полицейлер мен аудан әкімі келді.
26 шілдеде 2019 жылы Арыс қаласындағы әскери оқ-дәрі қоймасындағы жарылысқа кінәсі бар деп айыпталған 16 адамға сот үкімі оқылды. Ең ауыр жаза – 10 жыл. Шартты жазаға кесілгендер де бар. Айыпталушылар шешім әділетсіз дейді. Ал жарылыстан зардап шеккен жәбірленушілер шығын өтелмеді деп наразы.
Қазақстан билігі саяси реформаларға серпін береді деп дәріптеген ауыл әкімдерін сайлау қалай өтті? Азаттық тілшілері Қазақстанның әр түкпірінен бақылаған учаскелерде адам аяғы сирек. Ел ішінде "біздің даусымыз ештеңе шешпейді", "жүйе өзгермей ештеңе болмайды" деген көңіл-күй байқалады.
Азаттық тілшілері Қазақстанның бірнеше аймағындағы тұрғындардан Сovid індетін бір күнде 5400 адамның жұқтыруы туралы сұрады. Жұрт індеттің өршуіне кім жауапты, неге өршіді деген сауалдарға пікір білдірді.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар күн санап көбейіп келеді. Елдегі Covid орталықтары толып, басқа ауруханалар да инфекция жұқтырған науқастардарды қабылдап жатыр. Шымкенттік дәрігер Азаттыққа жансақтау бөліміндегі науқастардың жағдайын көрсетті.
Тағы