Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Қарағандыда 28 жастағы жесір әйел Римма араға жеті жыл салып, жақындарымен қайта қауышатын сәтті тосып жүр. Ол төрт баласымен бірге жақында Таяу шығыстағы қарулы жанжал аймағынан оралған.
Депрессия, суицид туралы ойлар, жүрек ауруы мен қарызға бату. Бұл сөздер бірнеше ай бойы синтетикалық есірткі пайдаланып, 22-ақ жасында жүдеп-жадаған науқасқа айналған Богданның қазіргі жағдайын сипаттайды.
Аймақтарда дәрігерлердің аздығынан емхана басшылары мамандарды көшіп-қону шығындарын өтеп, жалақыға үстеме төлеу уәдесімен тартуға тырысады. Оқу орындары жеткілікті маман дайындап шығарғанымен, түлектер қаладағы жалақысы мен жұмыс жағдайы жақсы жекеменшік клиникаларға барғанды жөн көреді.
Ескі Жәйрем ауылымен іргелес кеніш жұмысы мен ондағы жарылыстарға байланысты тұрғындар шағымынан соң құрылған комиссия "кен орнының халық денсаулығына зияны жоқ" деген қорытынды жасаған. Тұрғындар онымен келіспейді.
Қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевтың өмірден өткеніне бір ай толды. Оны Қарағанды облысы Атасу ауылында белгісіз біреулер қастандықпен өлтіріп кеткен. Марқұмның туыстары кінәлілер табылар деп үміттенетін айтады. Ал полиция қылмыстық іске қатысты ақпарат бермей отыр.
Сот шешімімен екі жылдан астам уақыт психиатрлық ауруханада күштеп ем алған 63 жастағы Наталья Уласик темір тор, құрсаулы төсек, укол мен аурухана бөлмелері жоқ өмірге қайта бейімделуге мәжбүр. Жалғыз адамдық пикеттерге шығып танылған белсенді әлі бірнеше жыл тіркеуде тұрмақ.
Қарағанды облысындағы «Қазақмыс» корпорациясы химиялық зертханасының жұмысшылары билікке хат жазып, жұмыс берушінің ұжым тағдырына немқұрайлы қарағанына шағымданған. Олар корпорация басшылығына шағым айтып барған бірқатар қызметкер жұмысынан шеттетілгенін айтады.
Атасу тұрғындарын қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевтың қатыгездікпен өлтірілуі шошытты. Жергілікті жұрт марқұмды "батыл, шыншыл" әрі "ауыл тұрғындарының мәселесі жайлы жиі шағым жазатын адам еді" деп еске алады.
Қарағанды облысындағы Шахан кенті тұрғындарын екі жаңалық күтіп тұр. Біріншісі – 2017 жылы бес қабатты үйдің қазандығы жарылып, тоғыз адам мерт болған кентте орталық қазандық құрылысы басталмақ. Екіншісі – тұрғындар жылуға қосылуға кететін шығынды өз қалтасынан төлейді.
Қарағанды облысындағы Ескі Жәйрем тұрғындары өздерін қауіпсіз орынға көшіруді, я зиян шеккен денсаулық үшін өтемақы төлеуді талап етеді.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыдардың көбін су басқан соң, жергілікті билік топырақтан бөгет салуға кірісті. Тұрғындар мұндай шара жеткіліксіз дейді. Бұл пікірге су тасқынына қарсы стратегия басқаша болуы керек деп санайтын экологтар да қосылады.
Баспанасыз әрі жұмыссыз төрт адам 19 мың теңгеге күн көруі тиіс. Бұл – қандай да бір арнайы сынақ емес, теміртаулық жас балалы жалғызілікті әйелдің күнделікті тұрмысы.
Атаулы әлеуметтік көмек сұраған Қарағанды облысының көп балалы аналары отбасының жиынтық табысын есептеу тәсілімен келіспейді.
Қарағанды облысы Сарытөбе ауылындағы есірткі мен ішімдікке тәуелді жандарды сауықтыратын орталық жабылып қалуы мүмкін. 20 жыл бұрын ашылған мекемеде зиянды тәуелділіктен арылғандар отбасын құрып, тұрып жатыр.
Қарағандыдағы "Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі көп қабатты үйдің біреуі жеті жыл бұрын құлаған соң билік қалғанын да бұзып тастады. Құрылысқа жартылай ақша салған үлескерлер пәтерсіз қалды. Билік оларға басқа тұрғын үй қарастырылмағанын айтады, үлескерлер онымен келіспейді.
Қарағанды облысының мамандары аймақты синтетикалық есірткі басып бара жатқанын айтады. Сот сарапшылары мен заңнама үнемі өзгеріп отыратын синтетикалық есірткінің формуласын анықтап үлгермейді.
Қарағанды облысы Сарытөбе ауылында есірткіге мен ішімдікке тәуелді жандарды сауықтыратын қоғам 20 жылдан бері пайдаланып келген қонысқа талас басталды. Сот қоғам өкілдерін қолдамады. Билік елдімекен тасқын қаупі бар аймақта орналасқанын алға тартады.
Ауасы, топырағы мен су ресурстары ластанған Теміртау тұрғындарын мазалайтын тағы бір экологиялық проблема пайда болды. Қоғамдық экологиялық зерттеу бұған дейін тазартылған Нұра өзенінің алқабында тұрғындар өміріне қауіпті сынап барын көрсетті.
Қазақстанның бірнеше аймағында жүздеген әйел жергілікті билікке барып, арыздарын айтып жатыр. Ақпанның 11-і күні Қарағандыда жүзге жуық ана облыстық әкімдікке жиналып, билікке талап қойды. Ал Ақтөбеде мемлекеттік мекеме өкілдері көп балалы аналарды қабылдауды бастады.
Қазақстанның бірнеше аймағында жүздеген әйел облыстық әкімдікке барып, билікке талап қойып жатыр.
Тағы