Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Ақмола облысындағы Бестөбе ауылында алтын өндіретін шахталардың жұмысын тоқтатуға қарсы жергілікті тұрғындарды полиция тергеуге шақыра бастаған. Тұрғындарға қарсы арызды шахталарға иелік ететін, жақында кенді ашық әдіспен өндіруге көшеміз деп жариялаған компания берген.
Ақмола облысында сот Бестөбе ауылындағы таза ауа үшін күрескен екі экобелсендіні "көрінеу жалған ақпарат таратқан" деп танып, бір жылға бостандығын шектеді. Амнистияға байланысты екеуін жазадан босатты. Белсенділер үкіммен келіспейді.
Қазақстан билігі "Бейбіт жиындар туралы" заңды "демократиялық" деп атайды. Бірақ елде тіпті жалғыз адам пикетін өткізуге биліктің келісімін алу қиын. Неге?
2019 жылы жазда 57 жастағы шаруа Сапарғали Мақашов оққа ұшып, көз жұмған. Айыпталушы екі жарым жылға сотталып, мерзімі аяқталған соң бостандыққа шыққан. Бірақ марқұмның туыстары араласып, бастапқы үкімнің күші жойылды, жаңа тергеу ашылды.
Қарағанды облысында тұратын шаруа жергілікті билік жасанды спутниктен түсірілген суретке сүйеніп, тартып алмақ болған жерін сотта қорғап қалды. Бұл оқиға ғарыш мониторингінің сапасы және шенеуніктердің өз міндетіне салғырттығы сияқты бірқатар мәселенің бетін ашты.
Қарағанды облысында "Қазақмыс" корпорациясының мыс өндіруі үшін 2019 жылдан бері бес ауылдың тұрғындарын көшірген. Алайда он шақты отбасы билік ұсынған өтемақыны азсынып, қоныс аудармай отыр.
"Қазақалтын"тау-металлургия кешені" компаниясы кеншілері Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы шахталарды су басуына байланысты жұмыссыз қалғанын айтып, президентке видеоүндеу жолдады. Олар ауылдың болашағы мен алтын өндіретін шахталардың тағдырына алаңдайды.
Шахтада ауыр жарақат алған соң мүгедек болып қалған қарағандылық азамат өндірісте болған апатқа кінәсі жоғын дәлелдеуге тырысып жүр. Бірақ сот оның уәжі мен мемлекеттік комиссия қорытындысын елемей отыр. Шарасы таусылған 82 жастағы зейнеткер Ақорданың алдына наразылыққа шығамын дейді.
Қарағанды өңірінде әкімдік "дұрыс пайдаланбады" деп, шаруаға жерді жалға беру келісімін бұзған. Билік жер серігінен түсірілген суреттерді алға тартады. Шаруалар қауымдастығы үкімет "жерді пайдаланбайтын латифундистермен күрес құралы" деген ғарыш мониторингінің зардабы қарапайым шаруаға тиеді дейді.
"Қармет" мемлекеттік акционерлік қоғамы өндірісінде денсаулығын құртып, мүгедек болған бұрынғы жұмысшы жылдар бойы әлеуметтік қолдауды не мемлекеттен, не жұмыстан талап етерін білмей діңкелеген еді. Ссы санаттағы азаматтарды 20 жыл сергелдеңге салған мәселе жақында шешілді.
Қазақстанда 2022 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы тағы жарты жылға ұзарып, 60,5 жасқа жетті. Ауыр кәсіпте еңбек етіп, жұмыс пен тұрмыс тауқыметін қатар көтеріп жүрген әйелдер зейнет жасын ұзартуды азапқа теңейді.
Қарағанды өңірінде мемлекет мыс өндіретін аумақты кеңейту үшін бірқатар ауылды жойып, халқын басқа жаққа көшірген. Бірақ бірнеше отбасы жергілікті билік ұсынған өтемақыға көңілі толмай, көшпей отыр. Қыстың көзі қырауда сусыз, жарық пен жылусыз күн кешіп жатқан азаматтар лайықты өтемақы сұрайды.
Қызмет жолының басым бөлігінде бұқара алдына шыға бермейтін лауазым атқарған аппаратшы Ерлан Қошанов осы айда мемлекеттік биліктегі үшінші қызметке тағайындалды. Президент әкімшілігін басқарған ол мәжіліс спикері бола сала депутаттар корпусының міндеті президент "бастамаларын қолдау" екенін айтты.
Қарағандыда ВИЧ дертіне шалдыққандар мен СПИД орталығы арасындағы азаматтық іс аяқталды. Орталық науқастардың шағымында ұйымның беделіне нұқсан келтіретін мәлімет бар деп сотқа жүгінген еді. Сот үкімі шықты: істе жауапкер болған науқастар жеңіп шықты.
Жезқазған қаласы 57-шахта маңындағы жағдай. Жүздеген адам Қазақстанды қамтыған митингілерге қолдау білдіріп тұр. Олар қала әкімдігіне қарай шерулетіп, басқа тұрғындарды да қосылуға шақырып жатыр.
Тағы