Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
24 ақпан түнде Ресей мен Украина бір-біріне дрон жаудырды, жараланғандар бар. Ал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жиынында АҚШ Ресейді соғысқа кінәлі деп айыптайтын қарарға қарсы дауыс берді. Франция президенті Эммануель Макрон мен АҚШ президенті Дональд Трамп Украина мәселесі жөнінде сөз таластырды.
АҚШ президенті Дональд Трамп "Украина-Ресей соғысын аяқтауға ықпал ете алады" деген Қытай төрағасымен телефон арқылы сөйлесті. НАТО-ның бас хатшысы “Украина жеңілсе, әскери альянсқа ауыр соққы болады” деді. Өткен түнде украин армиясы Ресейге жүзден астам дронмен шабуылдады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин "келіссөз үстеліне отырмаса, санкция саламыз" деп мәлімдеді. Украина президенті Владимир Зеленский "Трамппен кездесу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын" айтты.
Дональд Трамп АҚШ президенттігіне кірісті. Ол Путинмен жолығып, Украинадағы соғысты аяқтайтынын тағы мәлімдеді. Путин Трамппен келіссөзге дайын екенін айтты.
Украина мен Ресей соғысына қатысты тосын мәлімдемелерімен белгілі Дональд Трамп 20 қаңтарда АҚШ президенті қызметіне кіріседі.
Кремль АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге бірінші болып қоңырау шалады деп күтеді. Трамптың инаугурациясы жақындаған тұста Батыс елдері Ресей басып алған жерлерін өз иелігінде қалдыра ма деп қауіптене бастады.
Украина президенті Владимир Зеленский тұтқынға түскен тағы бір солтүстіккореялық солдатты көрсетті. Курск облысы мен Донбасс аймағында кескілескен шайқас болып жатыр. "РБК-Украина" сайты "Зеленский қайта сайлауға түсе ме, басты қарсыласы кім болмақ?" деген мақала жариялады.
Марафоншы, оппозициялық белсенді Марат Жыланбаевтың қамауда отырғанына бір жыл болды. Астана соты оны "экстремистік ұйым ісіне араласты", "экстремистік ұйымды қаржыландырды" деп, жеті жылға соттаған.
26 жастағы Өскемен тұрғыны Ерқанат Жеңісұлы жеңіл көлігімен адам тасып, отбасын асырайды. Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп, бір көзінен айырылған жігіт “Қазақстан халқына” қорынан қайырымдылық көмек ала алмай жүр.
Айтыскер ақын Нұрболат Абзалханов сегіз жылдан бері арбада отыр. Қазір ол жазба поэзияға ден қойып, шығармашылығын шыңдап жүр. Болашақта жыр кешін өткізуді армандайды.
ҰҚК-нің Шекара қызметіне қарасты әскери бөлімде борышын өтеп жүргенде көз жұмған 18 жастағы Мұхамедияр Тастан өткен сенбіде Түркістан облысындағы өз ауылына жерленді. Ұлынан қапыда айырылып қалған әке-шешесі оның «өзіне-өзі екі рет оқ атқанына» сенбейді.
Қазақстанда 863 мыңға жуық толық емес отбасының 72 мыңнан астамында балаларды әкесі жалғыз тәрбиелеп отыр. Мамандар жалғызбасты әкелер проблемасын ашық айтып жарияламайды, содан олар "үнсіз қоғамға" айналған дейді.
ас-тойлардың қадірлі қонағы деген секілді стереотиптік өлшемдермен қарайтындай. Ел қарттар мәселесін дұрыс түсіне ме?
Астанада Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аяқталды. Әлемнің сексен тоғыз елінен екі жарым мыңдай ойыншы келіп, көпшенді халықтардың ұлттық спорттарында бақ сынасты. Азаттық бір аптаға созылған шараны аралап, шетелден келген спортшылармен, көрерменмен тілдесті.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының үшінші күні Азаттық тілшісі Астанадағы «Алау» спорт кешеніне барып, асық ойыны мен өзбекше күрес бойынша жарысты тамашалап қайтты.
«Қазақстан билігі экстремизмге қарсы заңдарды үкіметті сынағандарды қудалауға қолданып отыр». Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы кейінгі есебінде Қазақстан билігіне осындай сын айтты. Сотталғандардың ахуалын бақылаған Азаттық осы тұжырымның рас-өтірігіне көз жеткізді.
Қазақстанда мемлекеттік органдардың ішкі тәртібін бұзған журналистер бұдан былай аккредитациядан айырылады. Мұндай құзіретті мәдениет және ақпарат министрлігі дайындаған жаңа ереже беріп отыр. Жаңашылдықты алғашқылардың бірі болып үкімет енгізді. Журналистер мұны «сөз бостандығын шектеу» дейді.
26 тамызда Ресей Украина қалаларына зымыран, дрон ұшырып, бірнеше сағат бомбалады. Бірнеше адамның қаза тапқаны хабарланды. Қауіп күшейген Киевте тұрғындар бас сауғалап, метроға тығылған. Ресейдің бірнеше облысында да жарылыс болып, тұрғын үйлер бүлінді.
Әскерде жүргенде жұмбақ жағдайда басы жарылып, комаға түскен Ербаян Мұхтардың еміне халық 140 млн теңге жылу жинап берді. Сарбаз қазір Астана іргесіндегі Қосшы қаласында өз үйінде жатыр. Ұлының аяқтан тік тұрып кетуіне барын салып жүрген әке-шешесінің сөзінше, отбасына оралғалы Ербаянның жағдайы
"Шыңжаң" газетінде журналист әрі аудармашы болып істеген, қазір Қытайда қамақта отыр делінген Жәнібек Жәудетұлының бауыры Азаттыққа хабарласып, ашық сұқбат беруге келісті. Астана тұрғыны Қуан Дыбанұлының сөзінше, бауырынан бір жарым жылдан бері еш хабар жоқ, ал жақындары ол туралы айтудан қорқады.
Тағы