Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
2021 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое кентінде "еуропалық технология” бойынша жылыту қазандығы салынуға тиіс болған. Мемлекеттен 1,6 млрд теңге қаржы да құйылған. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Қиялдағы жылыту қазандығының тек темір қаңқасы тұр. Тұрғындар от жағудың азабын айтып шағынады.
Қаңтар оқиғасынан бері "Назарбаевтан арылу" процесі жүріп жатқандай әсер бар. Билік бұрынғы президентті қандай атақ, артықшылықтан айырды? Назарбаевта не қалды? Оның иелігіндегі қор, мүліктер ше? Азаттық шолып шықты.
Қаңтар оқиғасында Таразда “ҰҚК подполковнигін өлтірді” деп 16 жылға сотталған Ербол Жұманов айыпты мойындамайды. Бақылау камерасындағы жазбаларды қолына түсірген оның ағасы “ҰҚК мен әскер “атысқан”, офицер сол кезде мерт болған" дейді. Бірақ сот нұсқасы басқа. Азаттық іс материалдарына шолып шықты.
Оралбай Әбдікәрімов Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі тұсында президент әкімшілігінің жетекшісі, сенат спикері және мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарған. Азаттыққа берген сұхбатында ол Қазақстанның жеткен жетістіктері мен сәтсіздіктерін атап өтті.
Қазақстандықтар бірнеше күннен бері Костенко шахтасында опат болған құрбандарды аза тұтып жатыр. Ақындар жоқтау өлең арнап, қара жамылған отбасыларға көңіл айтса, кейбір желі қолданушылары трагедияға билікті кінәлады.
Атырауда отызға жуық әйел әкімдікке барып, әлеуметтік талап қойды. Олар биліктен баспана мәселесін шешіп, жәрдемақыны көбейтуді сұрады. 25 қазан күні Аягөздегі өрттен мерт болған төрт баланың өлімін еске алған тұрғындар мұндай трагедияға жоқшылық себеп болатынын айтты.
Мәжіліс депутаты әрі заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұқбат беріп, партияларды тіркеу мен бейбіт жиналыстарды өткізу заңының орындалуындағы қайшылықтарды түсіндірді. Сонымен бірге парламенттің ықпалы, оппозициялық белсенділерді қудалау мен Қаңтар оқиғасы турасындағы сұрақтарға жауап берді.
Израиль Газа секторын тоқтаусыз бомбалап, атқылап жатыр. Тіпті өткен түні танкілерін де кіргізгені хабарланды. Бірақ әлі жаяу әскер шабуылын толық бастамаған. Ал Газада күніне жүздеген адам өледі.
25 қазан күні Астанада қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов шақырған митингіге санаулы адам келді. Олар биліктен митинг өткізуге рұқсат ала алмай жүргендерін айтты. Маңайды күзеткен құзырлы орган өкілдері өткен-кеткендердің көбін тексерді, бір-екі адамды ұстап әкетті.
Азаттыққа Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілі Қазақстандағы көші-қон саясаты жайлы сұқбат берді. Ол кейінгі жылдары шетелден келетін қандастар көшінің азайып қалғанын, оған құжат рәсімдеу талабының күшейгені себеп дейді.
Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс басталғалы 13 күн болды. Тель-Авив Газа секторын тұрақты түрде шабуылдап жатқанын айтады. Елге бүгін АҚШ президентінің ізін ала Ұлыбритания премьер-министрі барды. Ал Газа секторындағы Хан Юнис қаласындағы тұрғын үйге зымыран түсіп, 10-нан астам адам қаза тапқан.
17 қазан күні Газа секторындағы ауруханадағы жарылысқа Израиль мен ХАМАС бірін бірі айыптайды. Түрлі видео, фото сурет жариялап, дәлел ұсынып жатыр. Ал халықаралық қауымдастық оқиға құрбандарының тым көп болғанына қайғырып, жанжалды дереу тоқтатуға шақырады.
Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасы кезінде 16 жылға сотталған тараздық Ербол Жұмановтың өзін ақтау туралы арызын "негіз жоқ" деп қарамай тастады. Жұмановтың қорғау тарабы шешімге наразылық білдірді.
"Қазақстаннан Израильге қосымша рейс жіберу жоспарда жоқ" деді көлік министрі Марат Қарабаев. Министрдің сөзінше, соғыс аймағынан қайтамын дегендер осыған дейін жіберілген ұшақпен түгел оралған. Қақтығыс шиеленіскен тұста Израильден елге қайтқысы келетіндер қазақстандықтар әлі де бар. Бірақ билет
Төрт күн бұрынғы жойқын зілзаладан мыңдаған адам зардап шеккен Ауғанстанның таулы өлкесінде еріктілер қабір қазып, үйінді астынан шығарылған мәйіттерді жерлеп жатыр. Құрбандар саны әлі де нақты емес. Ал Ресей Украинаның астық экспортталатын маңызды аймақтарына тағы да шабуылдады. Адам шығыны жоқ,
Биыл тамызда Қазақстанға Моңғолиядан көшіп келген қазақтар азаматтық пен ықтияр хат алуға құжат тапсыра алмай жүр. Олардың құжатын Павлодар облысының миграция бөлімі қабылдамай қойған. Ішкі істер министрлігі анықтауға уәде етті.
Қаңтар оқиғасы билікті басып алу әрекеті ме, әлде дүрбелеңге ұласқан бейбіт наразылық па? Оған кім кінәлі? Тергеу нәтижесіне сенесіз бе? PaperLab орталығы сауалнама жүргізіп, Қаңтарға қоғам көзқарасын анықтауға тырысқан. Азаттық зерттеу авторларының бірі Серік Бейсембаевпен нәтижені талқылады.
АҚШ дипломаты Дэниел Розенблюм Қазақстанға елші болып келгеніне бір жылға жуықтады. Оған дейін ол Өзбекстанда үш жыл елші болған. Орталық Азияға маманданған дипломат аймақ басшыларының Нью-Йоркте президент Джо Байденмен оңаша кездескені саяси жетістік дейді. Азаттық елшіден сұхбат алды.
Маңғыстау облысында 15 қыркүйекке қараған түні бірнеше ауыл дүрлікті. Оған жергілікті шенеуніктің жұмыс сұрап жүрген азаматтарды айыптай сөйлеген сөзі себеп болды.
Қазақстанда хиджап дауы тағы ушықты. Жұрт мектеп жасындағы балаларға орамал тағуға тыйым салу арқылы билік білім алу құқығын шектеп отыр дейді. Осыған орай Мүфтият ресми мәлімдеме жасады.
Тағы