Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған. Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді.
26 қарашада Алматыда қоғам белсенділері мен туыстары Арон Атабекті жерледі. Жұртшылық саяси тұтқын, диссидент, ақынды ақтық сапарға марқұмның қарындасы Рәзия Нұтышеваның үйінен шығарып салды.
Арон Атабектің әлеуметтік желіде жариялаған тіз киімшең ғана тұрған суреті көрген адамды бей-жай қалдырмады. Көпшілік ақынды "нацистік концлагерь тұтқыны кейпіне жеткізген" билікті сынады. Ал суретті "әдепке жатпайтын, ұят" санайтындар оны жариялағаны үшін диссиденттің туыстарын айыптап жатыр.
Алматыда оппозициялық "ДАТ" газетінің редакторы Бақытгүл Мәкімбайды соңғы сапарға шығарып салды. Замандастары қазақ тәуелсіз баспасөзінің қалыптасуына зор үлес қосқан журналистің үнін өшіруге тырысқандар талай рет соттап, ұрып-соқса да, ол ұстанымынан қайтпай, кәсібіне адал болып өткенін айтады.
Полиция өкілі қаза тауып, ондаған адам жараланған Шаңырақ оқиғасына 15 жыл толды. Билік даулы жер мен үйлерді жұртқа заңдастырып берді. Бұл іс бойынша сотталған екі адам әлі түрмеде Оның бірі – 68 жастағы Арон Атабек өзін кінәсіз санайды. Билік ақынды босатуды сұраған көптің өтінішін елемей отыр.
15 жыл бұрын "заңсыз салынған" үйлерді сүріп тастауға келген полицияға тұрғындар қарсылық танытқан Шаңырақта одан бері көп нәрсе өзгерген. Бір кезде ешқандай инфрақұрылым болмаған, жауын-шашын болса саз балшыққа айналатын елдімекендегі орталық көшелерге асфальт төселіп, жарық бағандары орнатылған.
Өлім жазасынан бас тартатынын жариялаған Қазақстанның заңында оннан астам қылмыс түріне, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевқа қастандық жасаушыға да өлім жазасы қарастырылған. Құқық қорғаушылар "Конституцияға өзгерту енгізу қажет емесін" айтқан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен келіспейді.
Қазақстандық құқық қорғаушылар жаңа жылды жаңа президентпен қарсы алған елде "ой-пікірі мен белсенділігі үшін жазаланған азаматтар бұрынғысынша түрмеде әлі отыр" дейді. Билік елде саяси тұтқын барын жоққа шығарады.
33 жыл бұрын Қазақстанға бейтаныс адамды басшы етіп тағайындаған Мәскеудің шешіміне қарсы шыққан қазақ жастары билікке үнін бейбіт шеру арқылы жеткізугбүгіне талпынды. Бірақ олардың үміті ақталмады. Сол кездегі жұмысшы және студенттер Азаттыққа естеліктері жайлы айтып берді.
Маусымның 30-ы күні таңертең Алматыдағы "Сарыарқа" кинотеатрының артында бірнеше жүз адам қатысқан митинг өтті.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
21 ақпанда Бақытжан Сағынтаев Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Азаттық осыған орай ел премьер-министрі қызметін атқарған адамдарды шолып шықты.
Желтоқсанның 2-і күні Алматыда қарт журналист Қиял Сабдалин 70 жасында өмірден озды.
Ақтөбеден Сирияға барған Руслан Ермағамбетов қазір сол елде қамауда отыр дейді қарындасы. Таяу Шығыстағы қарулы жанжал аймағына Қазақстаннан кеткендердің туыстары оларды бала-шағасымен елге қайтаруға үкіметтен жәрдем сұрайды. Билік олардың өтініштерін қарап жатқанын айтады.
Ресей билігі Telegram мессенджерін арнайы реестрге алып, қолданушылардың хат-хабар алмасу шифрының кілтін қолға түсіргісі келеді. Мобильдік байланыс қосымшасының негізін қалаушы Павел Дуров үкіметтің талабына көнбей отыр.
Қазақстандық азаматтық белсенді, журналист Рамазан Есіргеповке біреу пышақпен шабуылдады. Қазір ол Жамбыл облысы Шу қаласында ауруханада ауыр халде жатыр.
Ақпарат және коммуникация министрлігі талқылауға ұсынған тұжырымдама журналистер мен блогерлерге бақылауды қатайтуды көздейді деген сын айтылып жатыр. Министрлік қоғамдық сын-пікірлерді ескеруге уәде етеді.
Қазақстанның экс-президентінің қызы Дариға Назарбаева парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. Әкесі билікте болғанда ірі медианы басқарып, үкіметте, парламентте басшы қызметте істеген Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынамыз.
Кәрім Мәсімовтің үкіметі не тындырды? AzattyqLIVE бұл туралы оппозициялық саясаткер Әміржан Қосановпен талқылады.
Тағы