Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған. Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді.
Қазақстанның Әділет министрлігі елде жаңадан құрылған социал-демократиялық партияның құжаттарын тіркеу мерзімін уақытша тоқтатқаны белгілі болды. Өзін билікке оппозициялық ұстанымдағы партия деп жариялаған жаңа ұйымның басшылығы бұны саяси мақсатпен жасалып отыр деп санайды.
Бейсенбіге қараған түні, Астана уақытымен сағат 01-ден 43 минут кеткенде, Байқоңыр ғарыш айлағынан көкке самғаған «Днепр» зымыран тасығышы арада 1 минуттен астам уақыт өткенде апатқа ұшырап, жерге құлаған. «Днепр» бұл жолы ғарышқа Италия, АҚШ, Колумбияның ғарыш аппараттарымен бірге, «БелКА» деп аталатын, Беларуссияның тұңғыш жасанды жер серігін алып шығуы тиіс болған. Оның ғарышқа ұшқан сәтін бақылау үшін Байқоңырға сәрсенбі күні Беларусь президенті А.Лукашенко арнайы ұшып келген еді.
Шілденің 25-күні Алматыда қазақстандық бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен жекелеген азаматтар «Шаңыраққа тірек» қоғамдық комитетін құрғандарын жария етті. Олар Алматыда осыдан екі апта бұрын Шаңырақ елді мекенінде болған билік өкілдері мен тұрғындар арасында қақтығыстан кейін, заң орындары Шаңырақ пен Бақай ауылы тұрғындары арасында жаппай жазалау шараларын өткізіп жатқанын мәлімдеп, билікті болған оқиғаны тексеріп-зерттеу ісін және аталған елді мекендердегі тұрғындар проблемасын шешуді әділеттілікпен жүргізуге шақырып отыр.
Биыл Алматыдағы жоғары оқу орындарын бітірген түлектер арасында көз жанарынан мүмкіндігі шектеулі 11 жас азамат мамандық иесі атанып, тиісті диплом алып шықты. Алайда, ендігі жерде бұл адамдар алған мамандықтары бойынша еңбекке орналасуда өздерінің физиологиялық ерекшелігіне байланысты жұмыс берушілер тарапынан кедергіге кезігіп отырғанын айтады.
Семей қаласындағы «Вилла-Люкс» деп аталатын жеке меншік кәсіпорынның еңбек ұжымы аштық акциясын өткізуге мәжбүр екендерін мәлімдеп отыр. Олар кәсіпорын аумағында радиоактивті қалдықтар тиелген контейнерден құтылу үшін осындай қадамға барудан басқа амалдары қалмағанын айтады. Ал жергілікті билік болса бұл контейнерді арнайы орынға апарып көмуге қажетті 300 мың теңге қаржы таба алмай отыр.
Маусымның 1-күні таңертең, Семей қаласын кесіп өтетін Ертіс өзеніндегі Полковничий аралында, полиция өкілдері оппозициялық «Алға» партиясының жергілікті белсендісін ұстап, әкімшілік жауапқа тартты. Бұл азамат Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне байланысты балалардың құқығын қорғау жайлы жазу алып шыққаны үшін жазықты болып отыр.
Осыдан бір жыл бұрын құрылған қозғалыстың наурыздың 26-күні Алматыда өткен жиынына Қазақстанның барлық аймағынан келген 243 делегат пен 100-ден астам арнайы шақырылған қонақтар, халықаралық және шетелдік ұйым өкілдері мен журналистер қатысты.
Ұлыстың Ұлы күнін Алматы жұртшылығы мерекелік той-думанмен атап өтті. Биылғы Наурыз мейрамын ұйымдастырушылар Алматыдағы мәдени шараларда ұлттық салт-дәстүр мен тарихи көріністерге көбірек көңіл бөліпті. Қалалық әкімшілік алдындағы бас алаңда мерекені тамашалауға жиналған алматылықтар мен қала қонақтарын осында келген президент Н.Назарбаев құттықтады.
Жексенбі күні Алматы абақтысында сот шешімі бойынша 15-тәулікке қамалып, әкімшілік жазасын өтеп жатқан қазақстандық оппозиция қайраткері Болат Әбіловтың денсаулығы нашарлап, қаладағы №5-ші ауруханаға жеткізілгені мәлім болды. Әбіловтің адвокаты Серікқали Мусиннің «Азаттық» тілшісіне айтуына қарағанда, наурыздың 13-інен бері абақтыда аштық жариялап жатқан оппозицияшыл саясаткер сенбінің кешінен бастап басы айналып, өзін әлсіз сезіне бастаған. Ал жексенбі күні Б.Әбіловтің қан қысымы күрт төмендеп кеткендіктен ол дереу ауруханаға жатқызылған.
Қазақстанда президент сайлауына санаулы күндер қалғанда елдегі полиция қызметкерлері республика аумағынан кейбір шетелдік азаматтарды шығару ісін белсенді түрде қолға алды. Апта басынан Қаақстанмен көршілес - Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің азаматтары қазақ жерінен шығарылды. Ал, қарашаның 30-күні Алматының көші-қон полициясы қаладағы Ә.Қастеев көшесіндегі №3-үйден, Қазақстандағы президент сайлауын бақылау мақсатымен келген Украинаның 6 азаматын ұстап, олардың төлқұжаттарын алып қойды. Украиндық азаматтардың барлығының қолында Қазақстанда уақытша тұруға құқық беретін, көші-қон полициясы берген құжаттары болған еді. Ал, бейсенбі күні көші-қон полициясы әлгі алтаудың үшеуінің Қазақстанда қалу мерзімін қысқартып, оларға желтоқсанның 3-іне дейін республика аумағынан кетулері керектігін ескертті.
Сенбі күні кешкісін Алматыдағы өз үйінде Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бұрынғы төрағасы Заманбек Нұрқаділовтың жансыз денесі табылғаны туралы суыт хабар тарады. Сол күні түнде бұл ақпаратты Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бастығы генерал Молдияр Оразалиев те растады. Оның айтуынша, марқұмның денесінде оқ жарақатының ізі қалған және мәйітінің жанында «Кобальт» тапаншасы табылған.
Қазақстанда сейсенбі күні жарық көрген мерзімді басылымдарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Грузияға сапары жайлы баяндалыпты. Сондай-ақ, күллі әлем мұсылмандары үшін қасиетті Ораза айына арналған мақалалар жарияланыпты.
Жұма күні Қазақстанда жарық көрген мерзімді басылымдарда Астанада өткен дүниежүзі қазақтарының 3-ші құрылтайы туралы көлемді мақалалар жарияланып, құрылтай қонақтарының пікірлері беріліпті.
Сейсенбі күні жарық көрген мерзімді басылымдарда мәдениет тақырыбы басты назарға ілігіпті. Қазақстанда екінші рет өткізіліп отырған «Еуразия» кинофестивалі және осы шараға шетелден келген танымал киножұлдыздар, сондай-ақ, Астанада аяқталған қазақ әндерінің халықаралық байқауы жайлы мақалалар басылған.
Қыркүйектің 6-сы күні Қазақстанда жарық көрген мерзімді басылымдарда республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің оңстүстік аймақтарына сапары жан-жақты баяндалыпты.
Апта соңында жарық көрген қазақстандық басылымдарда осы аптада АҚШ-та болып өткен «Катрин» дауылы және оның салдары туралы мақалалар жарияланыпты.
Сенбі күні Қазақстанда жарық көрген мерзімді басылымдарда алдағы аптада қабылданғанына он жыл толатын республиканың Негізгі заңына көбірек назар беріліпті. Сонымен бірге, Қазақстандағы демографиялық ахуал және джаз өнері туралы мақалалар жарияланған.
Жұма күні Қазақстанда жарық көрген мерзімді басылымдардың негізгі тақырыбы – тамыздың 24 күні телеарналарда тікелей эфирден берілген президент Н.Назарбаевтың жұртшылықпен сұхбатына арналыпты. Сондай-ақ, ресми билік және оппозиция арасындағы жағдайға да назар аударылыпты.
Қазақстанда сейсенбі күнгі жарық көрген мерзімді басылымдарда президент сайлауының мерзіміне қатысты Конституциялық кеңестің сөзінен соң республиканың саяси өмірінде жақын болашақта қандай өзгерістер болуы мүмкін екені жайлы болжамдар жасалыпты. Сондай-ақ, осыдан 12 жыл бұрын тамыздың 22-күні дүниеден өткен кеңестік дәуірдегі Қазақстан басшысы Дінмұхаммед Қонаев туралы мақалалар жарияланыпты.
Қазақстан Республикасында кезекті президент сайлауының мерзіміне қатысты тамыздың 19 күні Конституциялық кеңестің қабылдаған ұйғарымы сенбі күні Қазақстанда жарық көрген мерзімді басылымдардың орталық тақырыбына айналыпты.
Тағы