Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және әлеуметтік білімдер магистрі.
Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.
Петропал қаласының тұрғыны, 61 жастағы зейнеткер Ирина Рейбант 31 күннен бері аштық акциясын өткізіп жатыр. Сөзінше, құзырлы орган қызметкерлері соққыға жыққан соң ұлы оңалмай, бірнеше айдан соң көз жұмған. Зейнеткер полицейлердің қылмыстық жауапқа тартылғанын қалайды.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бірлік ауылының тұрғындары мал бағып жүрген жайылым жерінен айырылуы мүмкін. Ауыл маңындағы жайылым жеке меншікке өтіп кеткен.Кәсіпкер жерге соқа да салған. Халық бұған наразы, басшылар "мәселе шешіледі" дейді.
Қазақстан билігі саяси реформаларға серпін береді деп дәріптеген ауыл әкімдерін сайлау қалай өтті? Азаттық тілшілері Қазақстанның әр түкпірінен бақылаған учаскелерде адам аяғы сирек. Ел ішінде "біздің даусымыз ештеңе шешпейді", "жүйе өзгермей ештеңе болмайды" деген көңіл-күй байқалады.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының халқы уланып жатыр. Бес күннен бері тұрғындардың қызуы көтеріліп, іші өтіп, жүрегі айныған соң бәрі жаппай дәрігерге шағымданған.
СҚО Тайынша ауданы Тихоокеанская ауылының тұрғындары жергілікті агрофирмадан өз жерлерін қайтара алмай жүр. 20 жыл бұрын тұрғындар "Эксимнан" агрофирмасымен келісімшарт жасасып, жерлерін берген. Енді төленетін ақыға көңілі толмаған халық кәсіпкерлерден жерді қайтаруды талап етіп жүр.
Қазақстанда бір айда бензин бағасы шамамен он пайыз қымбаттады. Жанармай бағасының өсуі елдегі барлық қалада байқалды. Бұған жұрт наразы. Ал экономист мұның жалпы нарыққа әсері тиеді деп отыр.
Солтүстік Қазақстан облысында елік қырылып жатыр. Дабыл қаққан тұрғындар бұған қалың жауған қар себеп дейді. Дала аңының жем-шөбіне бюджеттен ақша бөлінбейді. Мамандар елік өлімінің себебін басқа себебі бар деп болжайды.
Қазақстанда жанармай қымбаттады. Кей аймақтарда АИ-92 маркалы бензин құны 5 теңге, Солтүстік аймақтарда бірден 14 теңге өскен. Бұған тұрғындар алаңдап отыр. Олар енді қызмет пен азық-түлік те қымбаттайды деп қауіптенеді.
Қазақстанда айлығы ең төменгі жалақы – 34 мың теңгеден аз азаматтардың саны артып келеді. Ұлттық сатистика мәліметінше, 2020 жылдың соңында олардың саны 5,7 пайызға жеткен бұл шамамен бір миллионнан аса адам. Ал оның алдыңғы жылы сегіз жүз қырық мың адамнан аса яғни 4,5 пайыз болған. Осы ретте біз т
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавлда "Нұрлы жер" бағдарламасы төңірегінде шу шықты. "Жас өркен" ықшам ауданындағы 12 қабатты тұрғын үй алдында 20-дан астам қала тұрғыны жиналып, шағым айтты. Тұрғындар "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында байқаудан өткен, бірақ әлі күнге дейін үйлерін ала а
Петропавлда Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының актерлері 10 жылдан астам тұрып келген үйлерінен айрылуы мүмкін. Облыстың экс-әкімі "Дәрігерлер үйінен" өнерпаздарға баспана кілтін салтанатты түрде табыстаған. Енді денсаулық сақтау бұл үйлерді кері қайтарып алмақ.
Азаттық журналистері Қазақстанның әраймағындағы сайлаушылардан "Сайлаудан қандай нәтиже күтесіз?" деп сұрады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка ауданы Становое ауылының тұрғындары лай су ішіп отыр. Одан қалса қарды ерітіп, кір-қоңын сонымен жуады. Екі жыл бұрын тартылған су құбырынан қайран жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстіктен көшіп келген тұрғындардың мемлекеттік бағдарламамен берілген үй сапасына көңілдері толмайды. Баспана суық, материалдар сын көтермейді. Амалдары қалмаған тұрғындар журналистерге шағымданған.
11 қарашада бекеттердің бірінде таңертеңнен көлік кептелісі көбейді.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп, кейбір ірі қалаларға кіріп-шығатын жолдарда блокбекет қойылды. Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында жолаушыларды тексеріп өткізіп жатыр. Солтүстік Қазақстанда да осындай жағдай.
Кейінгі тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус індеті өршіді. Облыс вирус жұқтырғандар саны бойынша астанадан кейін екінші орында тұр. Өңірде коронавирус инфекциясының таралуына не себеп?
Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауының өршуіне байланысты арнайы мамандар тұрғындардың ауру белгілері жоқ құстарын өртеп жатыр. Тұрғындар биліктің бұл шешіміне наразы.
Қазақстанда тұмаудан қырылған құс көбейіп барады. Елдің солтүстік облысында кемі 108 мың қаз-үйрек пен тауық өлген. Бірнеше аймақта карантин жарияланды.
Тағы