Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Қазақстан президенті Батыс пен Ресейдің санкция соғысын «жабайылық» деп атады. Ол «Ресей бұл жағдайдан абыроймен шығып көркейіп кетеді, Ресеймен бірге Қазақстан да көркейеді» деді.
Қазақстан парламенті талқылауына «Өзін-өзі реттеу туралы» заң жобасы түсті. Құрастырушылардың болжамынша, ол бизнестің үстінен қарайтын мемлекеттік бақылаудың баламасы болады.
Жаңа азаматтық процессуалдық кодекс (АПК) жобасы парламент талқылауына түсті. Авторлары кодекс соттарға деген сенімді күшейтеді деп санайды. Ал құқық қорғаушылардың күмәні көп.
БҰҰ-ның бейбіт жиындар мен ассоциациялар еркіндігі жөніндегі арнайы өкілі Майна Киаидың Қазақстанға сапары аяқталды. Астанадан аттанарда ол алған әсерлерімен бөлісті.
Табиғи монополияны реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы, «жемқорлық» бойынша айыпталған Мұрат Оспановтың сотында айыпталушылардан жауап алынып жатыр.
«Ситуативный казахский» кітабының авторы Қанат Тасыбеков екінші оқулығын шығарып, «қазақ тілін стандарттау керек» деп мәлімдеді. Тіл ғылымы мамандары ондай стандарттар бұрыннан барын айтады.
Жүздеген мың мүгедек пен отбасыларына қосымша жеңілдіктер қарастыруға, құқығы мен еркіндігін қорғауға уәде етілгенімен, мемлекет бұл міндеттемелерді орындауға әлі дайын емес.
Астанада жаяу жүргінші мерт болған жол-көлік апатына қатысты іс марқұмның туыстарының төртінші талабынан кейін сотқа жетті. Бұрын «қылмыс құрамы жоқ» деген уәжбен осы істі үш рет қысқартқан.
Калачиде тағы екі адам "ұйқы дерті" белгілерімен ауруханаға түсті. Арасында аудандық мәслихат депутаты да бар. Ұлттық ядролық орталық мамандары жұмбақ құбылыстың себебін пеш түтінінен іздейді.
Тұрғындары «ұйқы дертіне» шалдыққанына көп болған Калачи ауылындағы төрт әйелдің денсаулығын ұлттық ғылыми-медициналық орталықта тексеріп жатыр.
Балқаштағы психиатриялық диспансердегі күшпен емдеу режимінен үйінде емделу тәртібіне көшірілген адвокат келесі жылы біржола бостандық алам деп үміттенеді.
Рудный тұрғыны Расим Байрамов БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінің қаулысы негізінде облыстық ішкі істер департаментінен моральдық өтемақы өндіру ісіне қатысты сотта жеңіп шықты.
Болгариялық профессор «Сирияға соғысқа діни үгіт ықпалына түскен қазақстандықтар аттанады» дейді. Содырларға қосылуға итермелейтін факторларды зерттеу нәтижелерімен әуелі Азаттық танысты.
Қостанай облысы тұрғыны Расим Байрамов азаптаудың моральдық өтеуі ретінде облыстық полициядан 100 миллион теңге талап етеді.
Басқа баспана берместен бос тұрған пәтерден бала-шағасымен бірге шығаруды талап еткен қала әкімдігімен соттасқан Гүлжаз Әбжамалова апелляциялық сотта жеңілді.
2015 жылы Қазақстан түрмелерінде азаптау немесе қатыгез әрекеттерге шағымдарды салатын арнайы пошта жәшіктерін орнату жоспарланған. Кейбір колонияларда мұндай жәшіктер қазір де бар.
Болгариялық профессор Татяна Дронзина ИМ-ге қосылған қазақстандықтарды жиһадшы деп тырнақшаға алмай атауды ұсынады. Дронзина олардың Сирияға соғысқа аттану себептерін зерттейді.
Құқық қорғаушылар азаматтардың мүддесін жоғары деңгейлі сот инстанцияларында қорғау құқығынан айыратын шектеулер заңға енгізілуі мүмкін деп алаңдайды.
Сотталған қарағандылық заңгер Евгений Танков барагын жөндеу үшін туыстарына екі плафон, сылақ пен линолеум сатып алуды тапсырды. Түрме әкімшілігі колония жөнделген дейді.
Йемен полициясы ұрланған тәжік акушер әйелін құтқаруға тырысып жатыр. Оның жоғалғанына он күн болды, бірақ әзірше ұрлаушылар ешбір талап қойған жоқ. Тәжік дәрігерлері айына 1 мың доллар табу үшін Йеменге жиі барады.
Тағы