Хадиша Ақаева - Азаттықтың Шығыс Қазақстан облысындағы тілшісі. Шәкәрім атындағы университетті журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Армения және Грузиядағы басылымдарда тәжірибеден өткен. Азаттықпен 2019 жылдан бері серіктес.
Қазақстан үкіметі халықтың зейнетақы жинағын инвестициялық жобаларға пайдалануды жалғастырып келеді. Алдын ала деректерге сүйенсек, енді 1,5 трлн теңгенің әңгімесі шығып отыр. Мемлекет елдің зейнетақы жарнасын ҚТЖ-ға жүк вагондарын сатып алуға және кәріз құрылысын салуға жұмсауды ұйғарған. Оған қоса, БЖЗҚ-дан ақша алу жолы да таза емес. Болашақ зейнетақыма деп ақша жинап жатқан қазақстандықтар бұдан ұта ма, жоқ ұтыла ма?
Семейде "Шығыс" саяжайының жүзден аса тұрғыны үйлерін заңдастыруды талап етіп, наразылыққа шықты. Бау-бақша аумағында жылдар бойы тұрып жатқан жұрт жалғыз баспанасынан айырылып қаламыз ба деп қорқады. Қала жоспарының жобасы бойынша, саяжайдағы үйлер күрелуі мүмкін.
Бұдан төрт жыл бұрын Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Оған әрбір жұмыс істейтін адамның жалақысынан үш пайызға дейін ақша ұсталады. Бірақ содан бері медициналық қызмет пайдалану жеңілдеген жоқ – сақтандыру қаржысы есебінен көмек ала алмаған жұрт жеке клиникаларға қаралуға мәжбүр. Сайып келгенде, халық нашар жұмыс істейтін МӘМС-ке бір рет, басқа дәрігерге барғаны үшін тағы да ақша төлеп отыр.
Қазақстан 10 жылдан астам уақыт бұрын "жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасын қабылдаған. Оған сәйкес, 2050 жылға қарай елде өндірілетін энергияның жартысы су, күн, жел сияқты табиғи (жаңғыратын) қуат көздерінен алынуға тиіс. Оған елдің әлеуеті "жоғары" деп айтылды. Азаттық осы сала қазір қандай күйде екенін анықтап көрді.
Қарағанды метталургия комбинатының жаңа инвесторы қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев екені мәлім болды. Тегі үндістандық инвестор Лакшми Миттал 1995 жылдан бері иелік еткен ірі кәсіпорынды басқаруға келген Лаврентьев деген кім? Ақшаны қайдан тапқан? Кіммен байланысы бар?
Ресми мәліметте Абай облысы 91,9 пайыз сумен қамтылған деп көрсетілген. Жаңа тексеру барысында халықтың тек 41 пайызы ғана орталық су құбырының игілігін көріп отырғаны анықталды. Көптеген ауылдың халқы жылдар бойы су күтіп жүрсе, кейбіріне су желісі құжат жүзінде ғана тартылған.
Тегі үнді британ миллиардері Лакшми Митталдың компаниясы активтерін мемлекетке беріп, Қазақстаннан кетіп жатыр. Елде отыз жылға жуық жұмыс істеген компанияның кетуіне Қарағанды облысындағы көмір шахталары мен ірі металлургия комбинатындағы адам өліміне апарып соққан апаттар себеп болды.
Қазақстан ауыл әкімдерін сайлаудан соң іле-шала аудан мен облыстық маңызы бар қалалар әкімін тікелей сайлауға дайындалып жатыр. Астана мұны биліктің бір орталыққа шоғырлануының алдын алатын шара деп есептейді. Бірақ жергілікті жұрттың қалауын жоққа шығаратын амалдар да бар екен.
Азаттық Қазақстанда бар 14 арнайы экономикалық аймақта (АЭА) тіркелген 300-ден астам компанияны зерттеп шықты. Мұндай фирмалар арнайы тәртіппен жұмыс істейді: көп салық төлемейді және басқа да жеңілдіктер алады. Осы тізімде Қазақстанға белгілі адамдар мен олардың туыстары көптеп кездесті.
Қазақстанда 14 арнайы экономикалық аймақ (АЭА) бар. Оларда тіркелген резидент-компаниялар көп салықтан босатылған әрі бұдан басқа да жеңілдіктерге ие. Азаттық осы артықшылықтарды пайдаланып жүрген 300-ден астам компанияны зерттеген кезде тізімнен елге танымал адамдар мен туыстары көптеп кездесті.
Алаш қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлы жайлы "Оян, қазақ" фильмінен соң кинозалда сөйлеген семейлік белсенді Елдос Досановты полиция сотқа тартып жатыр.
Арменияның АҚШ-пен бірлесіп Eagle Partner әскери жаттығуын өткізуі Мәскеудің қытығына тиді. Ресей Кавказдағы постсоветтік елдің бұл әрекетін "теріс пиғылдағы" қадам деп бағалады. Тағы бір постсоветтік ел – Қазақстан АҚШ-пен бірлесіп Steppe Eagle ("Дала қыраны") әскери жаттығуын өткізуді тоқтатқан.
Қазақстан елде тұратын қарақалпақ ұлтының өкілдері Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетовке босқын мәртебесін беруден бас тартты. Олар былтырдан бері Өзбекстанның сұрауымен абақтыда отыр. Ташкент бұл азаматтарға "Өзбекстанның конституциялық құрылымына қарсы әрекет жасады" деген айып таққан.
Абай облысында су құбырын салуға бөлінген миллиардтаған теңге үшті-күйлі жоғалып кеткен. Тендер жабық өтеді, актілерге қол қойылады, бірақ су келмейді.
"Семей орманы" резерватында болған алапат өрт салдарынан 15 адам қаза тауып, 60 мың гектар орман өртенді. Кәсіпорын басшылығы өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылған дейді. Орманшылар өртті шаруашылықтағы берекетсіздікпен байланыстырады.
Тағы