Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Шахтинск қаласының соты "Қазақстан" шахтасындағы кеншілер өліміне қатысты істі қайтадан қарай бастады. Істі қарау аяқталуға таяғанда судья ауысып, процеске қатысушылар мен көптеген куә қайта жауап беретін болды. "Жақындарымыздың қалай тұншыққанын, қалай өлгенін басынан бастап тыңдауға тура келді", – деді жәбірленушілер.
Коммерциялық емес CREA зерттеу ұйымы Теміртау металлургия комбинатының қаладағы ауа сапасына экологиялық ықпалы туралы баяндамасында зауыт ширек ғасырдан астам уақыт ішінде мыңдаған жергілікті тұрғынның өліміне себепші болды деген қорытынды жасаған. Азаттық зерттеу авторларының бірімен әңгімелесті.
Құқық қорғаушылар "Жалған ақпаратты жариялау, тарату" деген әкімшілік бап биліктің қолайына жақпайтын журналистерді, блогерлер мен белсенділерді қудалауға пайдаланатын құралға айналғанын айтады. Әрі бұл баптар әркім әрқалай түсіндіре алатындай бұлыңғыр.
Қарағанды ферроқорытпа зауытында жарақат алған жұмысшының денсаулығына келген зиян үшін өтемақы төлеуді талап етіп жүргеніне үшінші жыл. Ол кәсіпорынға иелік ететін компанияны сотқа берген, ал кәсіпорында жақында тағы да төтенше оқиға болып, кісі өліміне әкеп соқты.
Мұндай үйде тұру қиын әрі қауіпті, ал ұсынған шартына көну – обал. Ұлытау облысы ауылдарында металл кеніші аумағын кеңейтуге деп тұрғындардың үйін алмақшы. Жұрт неше жылдан бері дүние-мүлкіне дұрыс өтемақы алу үшін күресіп жүр. Әзірге жеңілумен келеді.
Қарағанды облысында тұратын жас кенші Николай Девяткин кенжарда техника қауіпсіздігі талаптары бұзылғанын басшылыққа жеткіземін деп, жұмысынан айырылып қалғанын айтады. Ал бұрынғы жұмыс берушісі Девяткин тыйым салынғанына қарамастан ұялы телефон алып кіріп, "тәртіп бұзғаны үшін" шығарылды дейді.
Қазақстанның бірнеше өңірінде сот мектеп әкімшілігінің басына орамал тартқан шәкіртті сабаққа кіргізбей, оқудан шығаруын заңсыз деп тапқан. Бірақ сотта жеңіп шыққан ата-ана мен мектеп арасындағы тартыс тоқтар емес. Неге?
Дәрігерлер "тағы екі науқастың жағдайы ауыр" дейді. 25 шілде күні премьер-министр Олжас Бектенов марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, істі бақылауына алғанын мәлімдеді.
Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу ықтималдығы Қарағандыда талқыланды. Азаттық талқылауға қатысып, маңызды сәттерін түртіп алды.
Былтыр жазда Қарағандыдағы арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығында балалар жаппай уланып, екі науқас көз жұмды. Арада бір жыл өтсе де, балалардың неден уланғаны әлі анықталған жоқ, ешкім жауапқа тартылмады. Тергеу органдары Ресейдің көмегіне жүгінді.
Павлодар облысы Майқайың кенті маңындағы "Шанхай" ауданының халқы өздерін көшіруді биліктен талап етіп отыр. Олар қаңтардың басында қаза тапқан құтқарушылар мінген автобус секілді өз үйлері де жер астында қала ма деп қорқады. Тұрғындар өтінішіне әлі күнге ешкімнен мардымды жауап болған жоқ.
Биыл көктемде Қазақстанның батысы мен шығысын және Ресейдің оңтүстік өңірлерін әбігерге салған алапат су тасқыны екі елдің аумағымен ағатын өзендерді қаншалықты ластады, салдары қандай болмақ деген сұрақ тудырды. Екі ел арқылы ағатын Тобыл өзеніне су басқан ұңғымалардан уран араласып кеткен болуы мүмкін деген ақпарат тәуелсіз экологтарды алаңдатып қойды. Егер су ресурстары радиациямен ластанатын болса, Астананың қандай да бір іс-шара жоспары бар ма?
Павлодар облысы Майқайың кентінің кейбір тұрғыны биліктен көшіруді сұрайды. "Шанхай" шағынауданының жұрты алтын кенішіндегі қазба жұмыстары кесірінен баспаналарының іргесі сөгіліп, қабырғасы опырылып жатқанын айтады. Әкім "алаңдауға негіз жоқ" дейді.
АЭС салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Азаттық сарапшыдан АЭС туралы сұхбат алды.
4 ақпанда Павлодар облысы Майқайың ауылында болған қайғылы оқиғаға бір ай толады. Құтқарушылар мінген автобус алтын кенішіндегі шұңқырға құлаған. Екі адам мен автобус сол күйі табылған жоқ. Жоғалған адамдардың туыстары әлі күнге үміт үзбей отыр.
Қарағандыда үлескерлік құрылыс саласында тағы бір жанжал шықты. Сот адамдар тұрып жатқан тоғыз қабатты тұрғын үй кешенін сүру жөнінде шешім шығарды. Үлескерлер құрылыс компаниясы мен мемлекеттік органдарды кінәлайды. Сарапшы мұның бәрі бақылаудың жоқтығынан екенін айтады. Ол сондай-ақ жосықсыз құрылыс компаниялары осыны пайдаланып, ғимараттарды заңдастырып алу үшін әдейі "әлеуметтік шу" ұйымдастыруы мүмкін дейді.
Қарағанды облысы Ботақара кентінде газ жарылғаннан көпқабатты үй құлап, 2 адам қаза тапты. Тағы 5 кісі жарақат алған, арасында балалар да бар. Денесін күйік шалып, жараланған бірнеше адам ауыр хәлде жатыр. Марқұмдардың жақындары мен тұрғындар үй апатты жағдайда болғанын айтады.
Тағы