Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі өзі әзірлеген заң жобасы арқылы Қазақстан заңдарына "деструктивті идеологиялық ағым" ұғымының анықтамасын енгізгісі келеді. "Деструктивті" ағымдарға дәл қандай ағымдарды жатқызатыны әзірше түсініксіз, бірақ "деструктивті" екенін білдіретін кей белгілерге тыйым салмақ. Биліктің айтуынша, кейінірек дайын болуы тиіс тізімге "псевдосалафизм мен ку-клукс-клан" ағымдары кіруі мүмкін.
Қазақстан билігінің әлеуметтік сақтандыру қорынан "ҚазАгро" холдингіне қаржы бөлу шешімі кей сарапшылардың түсінбестігін тудырды. Экономистер салық төлеушілер жинаған және әлеуметтік төлемдерге арналған ақшаны коммерциялық пайда көздейтін әрі шығынға батып жатқан квазимемлекеттік компанияға беруді құптамайды.
Парламент Мәжілісі "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңға енгізуге ұсынылған өзгерістерді талқылауға кірісті. Құжатты әзірлеген үкімет заң жобасы "дінді экстремистік мақсатта пайдалану мүмкіндігін азайтады" деп санайды. Тәуелсіз сарапшылар жобадан әркім қалауынша түсінетін әрі заңнан аттамайтын азаматтарға қарсы пайдаланылуы ықтимал "мағынасы бұлыңғыр әрі қалай қолданылатынын болжап білуге болмайтын" тіркестер тапқан.
Қазақстандық сарапшылардың пайымдауынша, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарында демократия мен адам құқығы мәселелері талқылануы екіталай. Мамандар “АҚШ президенті Дональд Трамп пен Назарбаев Ұлттық қордың америкалық банкте "бұғатталып жатқан" ақшасы сөз етуі ғажап емес” дейді.
Қазақстанда "экстремистік" баптар бойынша сотталғандар енді жаңа шектеулерге тап болды.
Ақмола облысындағы ЕЦ-166/4 колониясында отырған Ерік Тәженов қамау орнына жеткізілген кезде азапталғанын дәлелдеуге тырысып жүр. Мекеме басшылығы тұтқынның сөзін жоққа шығарады. Бас прокуратура Қазақстанда азаптауға қатысты істердің көбі сотқа жетпейтінін айтады.
Қарағанды облысында жүздеген шахтер жалақыны көбейтіп, жеңілдіктер қарастыру талаптарына құлақ асып, орындалуын күтіп жер астында әлі отыр. Туыстары мен бұл жағдайға бейжай қарамайтын тұрғындар оларға тамақ пен жылы киім-кешек апарып жатыр.
Астана қаласының Есіл аудандық соты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын 60-тан аса ата-ананың талап арызын қарап жатыр. Сотқа жүгінуге мектепте орамал тағуға қатысты туған дау себеп болған.
Үлескерлер мен тозған баспанадан көшірілгендердің мүддесін қорғаумен танылған астаналық белсенді Махамбет Әбжан үш жарым жылға сотталды. Сот Әбжанды «алаяқтық жасады» деп таныды. Белсенді мен оның адвокаттары үкіммен келіспейтінін мәлімдеді. Үкім жарияланғаннан кейін сот залына арнайы жасақ полицейі кірді – оған процеске жиналған адамдарды бөлмеден шығаруды тапсырған.
Алаяқтық жасады деген айып тағылған азаматтық белсенді Махамбет Әбжан өз ісінен "саяси астар" көреді. 24 қараша 2017 жыл
"Қылмыстық реформа мониторингі мен адам құқықтары комитеті" қоғамдық ұйымы жетекшісі Светлана Ковлягина Қазақстандағы азаптауға қатысты "алаңдатарлық" ахуалға байланысты тұтқындар шағымдана алатындай қауіпсіз тетіктерді іске қосу қажет деп санайды. Ол Астанада алты аймақтағы қамау орындарында арнайы жүргізілген мониторинг қорытындысымен таныстырды.
Сот көшеде христиан баптистердің кітаптарын таратқаны үшін салынған айыппұлды төлемегені үшін Ақмола облысындағы Запорожье ауылы тұрғыны Юрий Беккердің еркіндігін бір жылға шектеуге үкім кесті. Қазақстан заңдарына сәйкес, діни әдебиетті билік бөлген арнайы орындарда ғана таратуға болады. Беккер жазығым жоқ деп санайды әрі "ар-ұжданыма сай әрекет еттім» дейді.
Адвокаттар мен сарапшылар Қазақстанның қылмыстық-процестік заңдарын жаңғыртуды көздейтін заң жобасының артықшылықтарын айтады, бірақ олар өзгерістердің болашақ қатерлері мен кемшіліктері де бар екенін ескертеді.
Астанада азаматтық белсенді Айдын Егеубаевтың бас еркіндігін екі жылға шектейтін және 100 мың теңге "моральдық өтемақы" төлеуге міндеттейтін үкім шықты. Сарыарқа аудандық №2 соты оны "Бәтуа" компаниясының құрылтайшысы Нұрлан Биялдиловтің абыройы мен қадыр-қасиетіне және оның бизнесінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жала жабу сипатындағы мәлімет таратты" деп таныды.
"БАҚ туралы" заңға енгізілетін өзгеріс авторлары журналистерді «мемлекеттік органдар сауалдарға үш күн емес (қазіргі заңда жазылғандай), 15 күн, тіпті бір ай ішінде жауап берсе, мақалаларың сапалы шығады» деп иландыруға тырысып жатыр. Ақпарат және коммуникация министрлігі ұсынған заң жобасына журналистер көбіне енжар қарайды.
29 жастағы Николай Кривенконың қазасынан кейін Астанадағы медициналық және әлеуметтік оңалту орталығының (МӘОО) үш қызметкері мен полиция патрулінің сержанты сотқа тартылды. Екі сотталушы тергеу абақтысында, өзгелері үй қамағында отыр.
Өскеменде қорғаныс істері жөніндегі басқарма қызметкерлері тәртіптік жауапқа тартылды. Олар «әскерге шақырту алған, бірақ діни сеніміне байланысты әскерге барудан бас тартқан» әрі «Иегова куәгерлері христиандар қауымы» діни қызметкерлерінің анықтамасын көрсеткен» жігіттердің істерін полицияға жолдаған. Қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, күзде әлгі істердің бәрі жабылған.
Қамауда отырғанына төрт айға жуықтаған Астанада тұратын азаматтық белсенді Махамбет Әбжанды алаяқтық бабы бойынша айыптайды. Іске қатысты жәбірленушілердің бірі өзін премьер-министр канцеляриясының қызметкерімін деп атайды. Сотта тағы бір жәбірленуші полициядан телефон соққаннан кейін Әбжанның үстінен арыз бергенін айтты.
Қазақстан адвокаттарының қазанның 14-іне белгіленген кезектен тыс съезі қарсаңында делегаттарға қысым жасалып жатыр деген хабар тарады.
Ұлының құлшылығына қарсы әйел Жетінші күн адвентистері шіркеуінің басшысын Астана сотына тартты. Пастор "жас жігіттің шіркеуге келгенін білмегенін" айтады. Билік өкілі "шіркеу кәмелетке толмаған жасөспірімді кіргізбеу туралы бұйрық шығаруы тиіс еді" дейді.
Тағы