Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Түркістан облысының Мақтаарал, Жетісай ауданы мақташылары түгел егістік басында, жыл бойы егіп баптаған мақтасын жинап жүр. Бірақ шаруалар биыл жылдағыдай емес, шығын көп, пайда жоқ дейді.
Шымкентте әскери сот әскери бөлімнен "қару-жарақ ұрлап сатты" деп айыпталған сегіз адамның жетеуін 3 жылдан 10 жылға дейін бостандығынан айыруға үкім етті. Біреуіне айыппұл салды. Сотталушылардың кейбірі сот үкімімен келіспейді.
Қазақстанда індет кезінде Covid-19 пен пневмониядан кемінде қырық жүкті әйел көз жұмған. Кейбірінің туысы тиісті жәрдем көрсете алмады деп медицина мекемесін сынайды. Дәрігерлер науқасты хаттамаға сай емдегенін айтады. Азаттық індет өмірін қиған үш ананың хикаясымен танысты.
Демократиялық партия құру жөніндегі бастамашыл топтың ұйымдастыруымен 13 қыркүйекте Алматы, Қарағанды, Ақтөбе мен Семейде халыққа несие амнистиясын жариялау, саяси тұтқындарды босату, жерді шетелдіктерге сатпау талабымен жергілікті әкімдік келісімін берген митинг өтті.
Шымкент тұрғыны, суретші Вениамин Шульгин қала көшелері мен аулаларына сурет салып, өзгеше өң беріп жүр. Қылқалам шебері елге қиын тиген коронавирус індеті кезінде жабырқаған халықтың көңіліне жылу сыйлап, жігерлендіруді мақсат еткенін айтады.
Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуына санаулы күн қалды. Індетке байланысты биыл балалар қашықтан оқиды. Алайда балалардың кейбірінде компьютер, тағы бірінде интернет жоқ. Білім министрлігі "компьютер таратып жатқанын", ауыл мұғалімі "оқу жылына жөнді дайындық жоғын" айтады.
Жаңаөзендік 31 жастағы Ержан Елшібаев "қысымға қарсылық ретінде" аузын тігіп тастаған соң Қазақстанның бірнеше қаласында қамаудағы белсендіні қолдау акциялары өтті.
Пандемиядан зардап шеккендердің хикаясы.
Түркістан облысы Шорнақ ауылының тұрғындары арасында жанжал болып, 4 адам жараланды. Тұрғындар «қазақ пен өзбек жастары төбелескенін» айтады.
30 наурызда Қазақстан жұмыста КВИ жұқтырған медқызметкерге өтемақы берілетіні жайлы ережені бекітті. Бұл ереже мыңдаған медқызметкерді өтемақыдан қағып отыр.
Қазақстанда ондаған мың адам COVID-19 жұқтырды. Елде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар көбейді. Азаттық індеттен жақынын жоғалтқандармен сөйлесті.
Қазақстанда коронавирус өршіген тұста кейбір өңірде дәрігер мен медицина қызметкерлері де жаппай вирус жұқтырып, ауруханадағы науқастар қараусыз қалды. Ахуал ушыққан соң медицина университеттерінің жоғары курсында оқитын жас мамандар жұмылдырыла бастады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел медицинасы вируспен күреске дайын болмағанын мәлімдеп, 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы қазақ-өзбек шекарадағы "Жібек жолы" бекетінде екі мыңға жуық өзбек пен тәжік мигранты коронавирус карантиніне байланысты жабылған шекарадан өте алмай отыр. Олардың кейбірі ас-сусыз қалып, денсаулығы сыр бере бастаған.
Қазақстанның бірнеше өңірінде орталық дәріханалар мен қоймаларда дәрі-дәрмек тапшылығы байқалды. Таңнан кешке дейін кезек күткен халық. Коронавирус тарап, пневмония өршіген тұста үйден емделген жұрт көше кезіп, дәрі таппай сабылып жүр.
Тағы