Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкентте қала әкімдігінің тапсырысымен жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер құрылысында еңбек еткен ондаған мердігер жұмысшы істеген жұмысына еңбекақы төлеуді талап етті. Олардың алды жеті айдан бері жалақысыз жүргенін айтты. Құрылыс компаниясы "төлейміз" деп уәде береді.
26 тамызда Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 31 жастағы Өзбекстан азаматы Әлішер Сапаровты «билік өкіліне күш қолданды» деген айыппен екі жылға соттады. Сапаров үкімге келіспейді. Ол «полиция мені заңсыз ұстады, күш қолданды» дейді.
Шымкент іргесіндегі Шаңырақ ықшам ауданында ондаған адам далада қалуы мүмкін. Оған қала мен аудан әкімдіктерінің бір жер телімін екі адамға үлестіріп бергені себеп. Тұрғындар сотта жеңіліп, бірнешеуінің үйі күрелген. Тағы бірнеше отбасы сот орындаушыларын күтіп отыр.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында 11 сынып оқушысы "14 жасар қызды зорламақ болды" деген сыбыс тарағаннан кейін көшеге шыққан ашулы адамдар екі үйге басып кірмек болған. Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, үйдің, көліктің терезелері сынған деген ақпарат бар. Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Екі адам қамауға алынған. Қазір ауылдың кіреберісін қарулы полиция күзетіп тұр.
Түркістан өңірінде аудандық мәслихат депутаты "Amanat" партиясынан сотта жеңіліп қалды. Ол өзін бір рет депутат мандатынан айыруға негіз болған партияның шешімі заңсыз екенін дәлелдегісі келеді. Партия оған ұйым атынан депутаттыққа сайланып, міндетін дұрыс атқармаған деп кінә таққан. Депутат партияға мүше болуға ешқашан өтініш бермегенін айтады.
Қазақстанда кәмелетке толмаған жеткіншектер арасындағы қорлау, кемсіту, бопсалау, күш көрсету кейде баланың мезгілсіз ажалына себеп болады. Ресми дерек бойынша, биылғы жылдың алғашқы төрт айында кәмелетке толмағандарға қатысты мыңға жуық қылмыс, 11 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелген. Балалар арасындағы буллингке ата-ана да, қоғам да жауапты дейді мамандар.
Қазақстанның Түркістан облысында диқандарды шегіртке әуреге салып жатыр. Қауын-қарбыз алқаптарына түскен зиянкес қазірдің өзінде 60 мың гектар жерге тараған.
"Бишімбаев ісі" Қазақстан қоғамында әлімжеттіктен жапа шегетін әйел мәселесін қызу талқылауға түрткі болды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға жауапкершілікті күшейтетін заң да қабылданды. Алайда серігінің әңгіртаяғына төзіп, іштен тынып жүрген, кейбірі өз құқын қалай қорғауды да білмейтін әйел әлі де көп дейді мамандар. Кейде жағдай әбден ушығып, ауыр салдарға апарып соққанда ғана өзгелер назар аударады.
2020 жылы Өзбекстанда су қоймасы жарылып, Қазақстанның Түркістан өңірінде бес ауылда жүздеген үйді құлатқан. Зардап шеккендер бірнеше айдан соң жаңа үйге кірген. Азаттық тілшісі Өргебас ауылының қазіргі жағдайын көріп қайтты.
Шымкентте “ұлт араздығын қоздырды” деп айыпталған зейнеткер Қалима Жапарованың бас бостандығы 2 жылға шектелді. Прокурор төрт жыл сұраған. Алайда жәбірленуші оған кешірім беріп, арызын қайтарып алған.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Мирас Мәлік мектеп ауласындағы әжетханада көз жұмды. Оның қазасына күдікті ретінде осы мектептің 9-сынып оқушысы үйқамаққа алынды. Марқұмның және күдіктінің ата-анасы оқиғаға бірнеше баланың қатысы болуы мүмкін дейді. Мектеп әкімшілігі бұрын-соңды оқушылар арасында әлімжеттік болмағанын алға тартады.
Жамбыл облысы Құмжота ауылында 8-сынып оқушысы әлімжеттіктің құрбаны болды. 30 сәуірде мектеп ауласындағы дәретханада жоғары сыныптың бір топ оқушысы төменгі кластағы балаларын ұрып, салдарынан 14 жастағы жасөспірім қаза тапты.
Түркістан облысы Ордабасы ауданында суицид жасап қаза болған полиция қызметкері бастығын кіналап, хат қалдырған. 12 наурызда болған оқиға бойынша қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Түркістан облысы Зағамбар ауылын екі күннен бері полиция қоршап, арнайы жасақ күзетіп тұр. Жоғары сынып оқушыларының сыныптас қызды зорлағаны туралы хабар тараған соң ауыл дүрліккен. Бірнеше көлік пен қора өртенген. Азаттық тілшісі Дилара Иса ауылдағы ахуалды көріп, тұрғындармен тілдесіп қайтты.
Түркістан облысындағы Зағамбар ауылын екі күннен бері полиция арнайы жасағы күзетіп тұр. "Оқушы қызды зорлаған" деген хабар тараған соң ауылда бірнеше көлік пен қора өртенген. Облыстық полиция "кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі" бойынша іс қозғалып, мектеп оқушысы қамауға алынғанын мәлімдеді. Азаттық тілшісі Зағамбарға барып, ауыл адамдарымен сөйлесті.
Түркістан облысында 60 мыңға жуық адам тұратын Қарабұлақ деген ауыл бар. Елге үлкен мал базарымен танылған. Қазақстан үкіметінің 19 наурыздағы отырысында осы ауылға қала мәртебесін беру мәселесі сөз болды. Азаттық тілшісі Қарабұлаққа барып, жұрттан осы жайлы пікірін сұрады.
Шымкентте Қазақстанда АЭС салу жобасы жөнінде өткен қоғамдық талқыға шамамен жүзге жуық адам қатысты. Жергілікті белсенділер әкімдікті "қоғамдық талқыны құпия өткіздіңдер" деп сынады. Ұйымдастырушылар мұны жоққа шығарды. Жиынға Азаттық тілшісі де қатысты.
Тағы