Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
2018 жылы маусымда республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болғаннан кейін Шымкенттің бас жоспары өзгертіліп, "қызыл сызыққа" түскен үй көбейген. Баспанасы "қызыл сызыққа" енген тұрғындар мемлекет беретін өтемақы басқа үй алуға жетпей, далада қаламын ба деп уайымдайды. Билік өкілдері сүрілетін үй иелеріне заңға сай өтемақы беріледі деп сендіреді.
Шымкентте жалдамалы пәтерде тұратын 74 жастағы Қыпшақбай Тұрғанбаев несиесін өтей алмаған соң өзін банкрот деп тануды сұрап жүр. Алайда банк коллекторлық компания арқылы оны қарызын өтеуге міндеттеген. Зейнеткер «шамам келмейді» дейді.
Биыл наурызда Ресей қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Калуга облысындағы бір ауылда Қазақстан азаматтары Сәбит Әшірәлиев пен Жәнібек Тасқұловты өлтіргені туралы хабар тарады. Кейін Ресей билігі екеуін террористер мен экстремистер тізіміне енгізді. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпаратты растады. Екеуі "террорист" дегенге туыстары сенбейді. Олар марқұмдардың сүйегін Ресейден алдыруға көмектесуін сұрап президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында мешіт жанында заңсыз "діни сауат ашу" курсын жүргізген ер адамға қарсы кәмелетке толмаған балаларды ұру дерегі бойынша іс қозғалды. Балаларға "ашумен қол жұмсағанын" мойындаған ол "құйрығынан ұруға ата-анасы рұқсат еткен" деп ақталады. Балалардың әке-шешесінен шағым түспеген. Қоғам өкілдері бала ұру – қылмыс дейді.
Ішкі істер министрлігі Түркістан облысы Сарыағаш ауданында діни дәріс берген азамат балаларды ұрып-соқты деп күдікке ілінгенін хабарлады. Молда "балалардың ата-анасы жазалауға рұқсат бергенін" айтады. Кейбір ата-ана оның сөзін растайды. Қоғам өкілдері бала ұру - қылмыс дейді.
Сарығаштағы бес жасар қыздың былтырғы өліміне қатысты тағы бір үкім шықты. 13 ақпанда сот пробация қызметкерін бас бостандығы шектелген адамды қадағаламады деп екі жылға соттады. Оған алдыңғы қылмысы үшін жеңіл жаза беріп, бостандыққа жібергендер жауапқа тартылған жоқ.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындық соты былтыр шілдедегі 5 жасар қыздың өліміне байланысты пробация қызметкері Тұрарбек Тілдехановты 2 жылға түрмеге жіберді. Оған "қызметіне салғыр қарады" деген айып тағылған. Тілдеханов үкіммен келіспейді.
Түркістанда жан түршігерлік қылмыс бойынша сот процесі өтіп жатыр. 34 жастағы әйел ұзақ жыл отасқан күйеуін пышақтап өлтірген, ең ауыры – оқиғаға екі баласы куә болған. Артынан әйел күйеуінің денесін балталап, өзенге ағызып жіберген. Қазір ол қамауда отыр. Балалар нағашысының қолында. Сот процесіне 13 және 12 жастағы балаларды куәлік беруге шақырды. Балалар еңірегенде қатысып отырғандар қосыла жылады.
Түркістанда бір топ азамат "Қожа Ахмет Ясауи кесенесі құлауы мүмкін" деп алаңдап отыр. Қазір көне ғимарат құзданып, тұзданып кеткен. Кесене жанашырлары шұғыл халықаралық ғылыми-техникалық сараптама тағайындауды сұрайды. Нысанға жауапты музей-қорық әкімшілігі зерттеу жүріп жатқанын айтты.
Шымкентте “пара берді” деп айыпталып, жұмыстан шығарылған 44 полицейдің бір тобы қала прокуратурасына барып, наразылық білдірді. Олар айыптау қаулысын бұзуды талап етті. Прокуратура қаулымен келіспесе, қайта арыз беріңдер деп отыр.
Шымкентте "пара беру" күдігімен айыпты болып, жұмыстан шығарылған бұрынғы полицейлер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрайды. Олар қызметке қайта оралғысы келеді әрі тергеуде "құқығымыз бұзылды" дейді. Прокурор қаулысына қарағанда, күдіктілердің бәрі "пара бергендерін" мойындаған.
2022 жылдың Қаңтар айындағы дүрбелеңде туыстарынан айырылған Өскемен мен Шымкент қаласының тұрғындары марқұмдарды еске алып, ас берді. Өскемендіктер алдымен алаңға барып гүл қойып, кейін мешітте құран оқытты. Ал шымкенттік ата-аналарға жергілікті билік орталық алаңға бармау туралы ескерту айтты.
Қаңтар оқиғасы болған бірнеше қалада марқұмдардың туыстары жергілікті биліктен құран бағыштап, ас беруді талап етіп жатыр. Бірақ ешбір әкімдік әзірше бұған келісіп, мақұлдаған жоқ. Алматы әкімдігі ас беруге "бюджеттен ақша қарастырылмаған" деген.
2022 жылы Қаңтар оқиғасында Шымкент қаласында қаза тапқан 22 жастағы Құрманғазы Орынбайдың анасы 2 жылға жуықтаса да оқ атқандар анықталмағанына қапалы. Қала прокуроры тергеу ісін тоқтатып тастаған. Шерлі әйел "кісі өлтіргендер жазықсыз кете ме" деп алаңдайды.
Жарты жыл бұрын 10 мың теңгеге 50 келі ұн алсаңыз, қазір бұл ақшаға тек 25 келі ұн келеді. Күріш те, сүзбе де қымбаттаған. Билік биыл қымбатшылық бәсеңдеді дегенімен, Шымкент тұрғындары ақшасын үнемдеп базарлауға мәжбүр.
Түркістан облысында жергілікті белсендісі Нұрлыбай Татаев қылмыстық кодекстің 296-бабы, яғни "есірткі сақтады" дейтін күдікке ілінген. 14 желтоқсанда алғашқы сот отырысы өтті. Татаев айыпты мойындамайды және бұл істі азаматтық белсенділігімен байланыстырады.
Алматыдағы хостелде шыққан өрттен қаза болғандардың бірі – 20 жастағы Бейбарыс Әлдибекті бүгін жақындары ақтық сапарға шығарып салды. Түркістан облысында тұратын оның ата-анасы үшінші топ мүгедектігі бар адамдар. Олар кенже ұлдарының қазасына себеп болғандардың жауапқа тартылғанын қалайды.
2006 жылы Шымкент ауруханаларында екі жүзге жуық балаға жаппай ВИЧ жұққаны туралы хабар бүкіл елді дүр сілкіндірген еді. Солардың бірі – бүгінде 31 жастағы келіншек дерті жөнінде ең алғаш естігендегі көңіл-күйі, ата-анасының күйзелісі, болашақ жарын қалай жолықтырғаны туралы Азаттыққа айтып берді.
Шымкенттің тергеу изоляторында 7 ай отырып, ауруы асқынып кеткен 30 жастағы Бейбарыс Сүлеймен 22 қараша күні ауруханада қайтыс болды. Ата-анасы бұған тергеу органдарын кіналайды. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті азаптау күдігін жоққа шығарады.
Тағы