Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Қарағанды облысыындағы Берлин ауылында тұратын бірінші топтағы мүгедек Николай Подшивалов Азаттықта өзі туралы материал шыққаннан кейін өмірінде жақсы өзгерістер болғанын айтады.
Қарағанды облысындағы үш қалада жеке меншік үйлерді газбен қамтамасыз ету жоспарланған. Үйін жергілікті шахталарда өндірілетін көмірмен жылытып үйренген тұрғындар газға қосылу бағасы қымбат екенін айтады.
Теміртаудың бірнеше жүз тұрғыны жиырма жылдан бері ауыз суға жарымай отыр. Аймақтағы шенеуніктер мен президент әкімшілігіне де хат жазып көрген. Бірақ үйлеріне су құбыры сол күйі тартылған жоқ. Жақын жердегі желіден өз қаржысына құбыр тартуға тырысқан, алайда жергілікті билік рұқсат етпеген.
Қазақстандағы ауасы ең лас қала деп танылған Теміртауда қоғам өкілдері экологиялық апат мәселесін қайта көтеріп, қажет шаралар қабылдауды сұрады. Билік қоршаған ортаны ластайтын заттарға қарсы күреске көмектеседі деп әлі қабылданбаған жаңа экологиялық кодекске үміт артады.
Қарағанды облысында тұратын бірінші топ мүгедегі жұмыс істеп, оқығысы келеді. Билік оған арналған оңалту бағдарламасында жұмыспен қамту қарастырылмағанын айтады. Женевада өткен БҰҰ сессиясында Батыс елдері Қазақстанға мүмкіндігі шектеулі жандарды өгейсітпейтін орта қалыптастыруға кеңес берген.
Қарағандыда «Древний Рим» мейрамханасында болған төбелеске қатысты сот үкімі шықты.
Қарағанды облысында көп балалы отбасыны осыған дейін атаулы әлеуметтік көмек ретінде алған жарты миллион теңгеден астам қаржыны мемлекетке қайтаруға міндеттеді. Билік "табысын жасырды" деп айыптаған ата-ана өздерін не үшін сотқа бергенін, мемлекет алдындағы қарызын қалай өтейтінін білмейді.
Қарағанды облысындағы мүгедек шахтерлар зейнеткерлерге денсаулығынан айрылуына байланысты төлем беруді қайта енгізу және өндірісте ауыр жұмыс істегендердің зейнетке шығу жасын төмендету тәрізді бірқатар ұсыныс жасады. Билік бұл ұсыныстар "концептуалды өзгерістерді" талап ететінін айтады.
Қарағанды облысында браконьерлер табиғат қорғаушы екі инспектордың бірін өлтіріп, бірін жаралаған резонансты істің материалдарында жіберілген қателіктер түзетіліп, сотқа қайта тапсырылды. Жақында Ақмола облысында да осыған ұқсас іс бойынша сот болады.
Қазақстан үкіметі дайындаған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасына қарсы петицияға бірнеше мың адам қол қойды. Онлайн петиция авторлары балаларға жасалатын екпені міндеттеу туралы ұсынысқа келіспейді.
Бір ай бұрын Қарағанды облысы тәжірибе жүзінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне өтті. Азаттық тілшісі келесі жылдан бастап бүкіл ел аумағында енгізілетін жүйенің "пилоттық режимде" қалай жұмыс істейтінін өз тәжірибесінде байқап көріп, сарапшылардың пікірін білді.
Қазақстанның арнаулы қызметі Таяу Шығыстан елге жеткізгеннен кейін "террористік қылмыс жасады" деген айыппен тоғыз жылға сотталған Теміртау тұрғыны Азаттыққа Сириядағы өмірі, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының идеологиясынан неге көңілі қалғаны және елге қалай оралғаны туралы айтып берді.
Тамыздың 12-сі күні Жәйремде болған жанжалда бірнеше шетелдік жұмысшы жапа шеккен. Тұрғындар жұмысқа тұрудың қиындығы мен кәсіпорындардың шетелдіктерді жұмысқа тартуға әуес екенін айтып, наразылық білдіреді. Билік жұмыс мәселесін шешуге уәде беріп отыр.
Қарағандыда биылғы қаңтардың 1-іне қараған түні адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске байланысты қозғалған іс бойынша алдын-ала сот тыңдауы өтті. Қоғамда резонанс туғызған қылмысқа күдікті ретінде 13 адамға айып тағылған.
Тамыздың 27-сінде Қарағандыда биылғы қаңтарда «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтіру және оның әріптесі Петр Ницыкқа қастандық жасау ісі бойынша сот басталды.
Қарағанды облысында жергілікті белсенді қастандықпен өлтірілгеннен кейін үш ай өткенде Қазақстан ішкі істер министрлігі күдіктілерді ұстап, қылмыстың "ашылғаны" туралы хабарлады. Ұсталғандардың бірі – бұрынғы полиция қызметкері.
60 жыл бұрын Теміртауда Қазақстан Магниткасы құрылысшыларының тұрмыс жағдайының нашарлығына наразылығы милициямен қақтығысқа ұласып, адамдар мерт болған. Теміртаудағы қанды қақтығыс туралы ұзақ уақыт бойы айтылмай келді.
12 тамызда Қарағанды облысындағы Жәйрем тау-кен комбинатындағы жанжалдан шетелдік жұмысшылар зардап шеккен.
Қарағанды облысындағы бұрынғы шахтерлардың бастамашыл тобы еңбек мүгедектерінің мәселесін қайта көтерді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеуінде олар үш жыл бұрын заңға енгізілген өзгерістер өндірісте жүріп денсаулығынан айырылған жандардың жағдайын қиындатып жібергенін айтады.
Ресми дерек бойынша, әрбір оныншы қазақстандық орталық су жүйесіне қосылмаған.
Тағы