Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы жарықпен қамтамасыз ететін кәсіпорынның ондаған жұмысшысы бір жарым жылдан бері жалақы алмаған. Мекеменің жалақыға қарызы 40 миллион теңгеден асады. Жұмысшылар мен электр желісінің ескілігінен жиі жарықсыз қалатын аудан тұрғындарының айтар шағымы көп.
Қазақстан билігі синтетикалық есірткі саудасы үшін жазаны күшейтуге тырысқанымен, оны саудалайтындар тыйылар емес. Сарапшылар синтетикалық есірткіге қарсы күрес тиімді жүргізілмейді деген пікірде. Олар бұл мәселені есірткі тұтынуға әкелетін себептерді жою арқылы шешу керек деп санайды.
Сирияда соғысқан қазақстандық Магомед Арчаков терроризмге қатысы бар қылмыс жасаған деген айыппен 12 жылға сотталған. Оның соты Венада өтті. Австрия билігі Қазақстанның Арчаковты экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырмады.
Қатерлі ісік дертіне шалдыққан теміртаулық Тамара Дунаева емделе алмай отыр. Билік науқастың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жоғын алға тартады. Құқық қорғаушылар бюрократиялық әуре-сарсаң кесірінен науқас медициналық көмек алып үлгермей жан тәсілім етуі мүмкін деп қауіптенеді.
Қазақстанның бірнеше аймағында жедел жәрдем қызметкерлері коронавирус кезінде мемлекеттен үстемақы алмағанына наразы. Олар "Коронавируспен күресетін бригада санатына енбесек те, күнде вирус жұқтыру қаупімен бетпе-бет келеміз" дейді. Шағымға жергілікті биліктің жауабы қандай болды?
Қарағанды облысындағы моноқала – Теміртау COVID-19 вирусын жұқтырған науқастың қазасынан кейін карантинге жабылған. Азаттық тілшісі қаланың карантиндегі тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындармен тілдесіп көрді.
Барар жер, басар тауы қалмаған әйелдер мен шиеттей балаларға пана болған Теміртаудағы дағдарыс орталығына бюджеттен ақша бөлінді. Бірақ ол ақша күзге дейін жетеді. Күзден кейін не істейді? Белсенділер тағы да әркімге қол жая ма, әлде әйелдер мен балаларды далада қалдыра ма?
Қарағандыда ескі көшелер мен үйлерге реновация жүргізбек. Билік реновацияның нақты жоспарын ұсынбаса да, ақпанның соңында қоғамдық тыңдау өткізген. Бірақ тұрғындар қарсы болып отыр.
Қарағандыдағы "Бесоба" тұрғын үй кешені құрылысына ақша құйған ондаған адам көп жылдан бері биліктен өздерін алаңдатқан мәселені шешуді талап етіп келеді. Жаңадан салынған көп қабатты үйлердің бірі құлаған соң кешен түгелдей сүрілген. Билік мәселені шешу үшін заңды өзгерту керек дейді.
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Жомарт Сыздықбаев жұмыстан шығарылуына жедел жәрдем жүргізушілерінің мәселелері жайлы берген сұхбаты себеп болуы мүмкін деп топшылайды. Билік өкілдері "жағдайды реттеуге" уәде беріп, жұмыстан шығару туралы шешім уақытша күшіне енбейтінін айтады.
Қарағандыда ақпанның 21-і күні «Охотзоопром» мемлекеттік мекемесінің екі инспекторына шабуыл жасау ісі бойынша сот үкімі шықты.
Қазақстандағы лас қалалардың бірі Теміртаудағы жұрты экология мәселесін айтып, тағы дабыл қақты. Өндіріс орындарынан шыққан қалдық қалаға жауған қарды әп-сәтте қара түске бояйды. Тұрғындардың кейбірі бұл жағдайды «экоцидке» теңейді.
Қарағанды облысында жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері жалақысын көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп отыр.
Жезқазғандағы кәсіподақ ұйымы басшысының қазасынан соң тергеу органдары "кісі өлтіру" және "суицидке жеткізу" деген екі жорамал бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлады. "Қазақмыс корпорациясы" серіктестігінің кеңсесінде болған қайғылы оқиға жайлы болжам мен долбар көп.
Қазақстанда шашыраңқы склероз ауруына шалдыққан мүгедектер құқықтары бұзылғанын мәлімдеп, қымбат дәрі-дәрмек пен тексеруді сарыла күтетіні, қажетті маман жетіспейтіні, биліктің селқостығы тәрізді қордаланған проблемаларын шешуді сұрайды.
Сириядан Қазақстанға "Жусан" операциясы аясында жеткізілген Қарағанды облысының тумасы Николай Лазаренко қазір сот жазасын өтеп жатыр. "Ислам мемлекеті" террор тобына қатысқаны үшін сегіз жылға сотталған жігіт екі жарым жылын өткізген соғыс аймағында басынан өткенін Азаттыққа айтып берді.
«Ақша жымқырды» деп сотқа тартылған бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа мен өзге айыпталушылар 14 қаңтарда Қарағандыда өткен сот отырысында өздеріне тағылған айыптардың негізсіз екенін айтты.
Қарағандыда Ленин көшесі Абай деп өзгерді. Қоғамдық тыңдау қалай өтті?
Қарағандыда Ленин атындағы көшенің атын ауыстырмақшы. Көрші орналасқан басқаларының аты ауысқанымен, совет көсемінің атындағы көше атауын өзгертуге талпыныс бірнеше рет сәтсіз аяқталған. Көше маңындағы жаңа атқа ие болған даңғылдың бірі бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбавтың атымен аталады.
Полиметалл кен орнын маңындағы Ескі Жәйрем ауылының халқы өздерін өндіріс аумағынан алысқа көшіру мәселесін қайта көтерді. Кен орнын игеруші компания алдағы уақытта өндіріс қуатын арттыруды көздеп отыр. Ауыл тұрғындары мәселені шешуді сұрап Ақордаға хат жазды.
Тағы