Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
200-ге жуық Астана тұрғыны бас директоры қамауда отырған «АльБаракат Компанидің» әрекетінен зардап шектік деп санайды. Олар компания кеңсесіне келіп, ақшаларын қайтарып беруді талап етіп жүр.
Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөз жүргізу үшін Астанаға келген Ресей президенті Владимир Путин Сирия дағдарысына қатысты «диалог жүргізуден бас тартқаны үшін» АҚШ-ты сынады.
Жұмысшылары кәсіподаққа қысым мен өндірістегі дағдарысқа шағымданған Астана «Локомотив құрастыру зауытында» цех бастығы жұмыстан шығарылды. Ол «белсенділігім үшін қудаландым» дейді.
Астанада бұрын саяжай болған маңдағы үйлерді қиратып жатыр. Қала билігі ол жерге «ҚазМұнайГаз» компаниясы қызметкерлерінің балаларына арналған балабақша салмақ. Бірақ жер мен үй иелері өтемақы аз екенін айтып наразылық білдіреді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Украина президенті Петр Порошенкомен кездесті. Ақорда, Астана, 9 қазан 2015 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаевтың портретін ұстаған 20 шақты адамды президент резиденциясына - Ақордаға кіргізбей қойды. Олар "коррупцияға қатысты шағымдарын" тапсырмақ болғандарын айтады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жолданған үндеуге қол қойған 50-ден аса үкіметтік емес ұйым ҮЕҰ туралы заң жобасына қол қоймауды және оны конституциялық кеңес сараптамасына жіберуді талап етеді.
Қазақстан парламенті депутаты Мейрам Бегентаев үкіметтік емес ұйымдар және волонтерлік қызмет туралы заң жобалары жайлы айтты.
Парламент мәжілісі жеке тұлғалардың кірісі мен мүлкін декларациялау туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Қазақстанда қарапайым азаматтардың бәрі жаппай декларация тапсыратын жүйені 2020 жылға қарай іске қосу жоспарланған.
ЕҚЫҰ-ның Варшавада өткен конференциясы аясында белсенді Жанар Секербаева Қазақстанда ЛГБТ қауымдастығы өкілдерінің құқықтарын бұзу туралы айтты.
Бес жыл әзірленген заң жобасы халықаралық сарапшылардың талқысына түсті. Ақпаратты жасырып немесе бұрмалаған мемлекеттік ведомстволарға қандай жаза қолданылатыны онда анық жазылмаған.
Шучинск қаласында тұратын көп балалы баптистер отбасы 553 доллар айыппұлды төлемегені үшін сот орындаушылары алып кеткен көлігін бір жарым жылдан бері қайтара алмай жүр. Айыппұл «рұқсат етілмеген орында» кітапша таратқаны үшін салынған.
Қостанай облысы Амангелді ауданындағы шағын шаруа қожалықтарының иелері 16 жылдан бері электр жарығына зәру. Малшылар тұрмыста керосин шам мен газ пешті қолданады. Ал ұялы телефонды қуаттандыру үшін аудан орталығына барады.
Азаттық сенбі күні «Қазақ елі» алаңындағы мерекелік шарадан тікелей трансляция жүргізді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтіп жатқан алаңға келді.
Парламент «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заңға енгізілетін түзетулерді қарап жатыр. Өзгерістерге президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» идеясы мұрындық болған.
«Ақпаратқа қол жетімділік туралы» заң жобасын парламентте таныстыру кезінде қызметтік және жабық деректер не деген дау туды.
Парламент депутаттары «Қоғамдық кеңестер туралы» заң жобасын ұсынды. Алғашқы талқылауда жобаға «қоғамдық кеңес мүшелері жауапкершілігі туралы қосу керек» деген пікірлер айтылды.
Үкімет АИ-92 мен АИ-93 маркалы бензин бағасын еркіне жібергесін Астана мен Алматыдағы кейбір жағармай бекеттерінде баға өсіп, көлік кезегі байқалды.
АИ-92 мен АИ-93 маркалы бензин бағасы еркіне жіберілген соң Астана жағармай бекеттерінде кезек пайда болды.
Тағы