Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Қазақстан парламенті жаңа еңбек кодексі жобасын қарауға қабылдады. Жоба авторлары «мүдде тепе-теңдігін» қамтамасыз етуге уәде етеді. Кейбір кәсіподақтар өкілдері «мұндай реформа қажет емес» дейді.
«АльБаракат Компани» бас директоры Бақытжан Тойымбетов өзінің инвестиция-құрылыс компаниясы адал жұмыс істейтінін дәлелдеуге тырысып жүргеніне екінші жылға айналды.
Астанадағы брифингте «осы алты айда балаларға қарсы заң бұзу 30 пайызға азайған» деп хабарланды. Ал құқық қорғаушының айтуынша, "жұрт полиция мен билік көмегіне аз жүгінетін болған".
Жұрт «Әліби ісі» атап кеткен қылмыстық іс бойынша топ-бизнесмен Қайрат Жамалиевтің бүкіл дүние-мүлкі тәркіленіп, өзі 13 жылға сотталды.
Екінші дүниежүзілік соғыс пен еңбек ардагері, 103 жастағы Белсембек Рахымқановтың балалары әкелеріне «Риддер қаласының құрметті азаматы» атағын сұрағанына бес жылға жуықтаған.
Астана әкімдігі «құрылысы бітпеген әрі рұқсат құжаттары жоқ нысандарда пәтерлер сатылуы мүмкін» деген ескерту таратты. Бұл мәлімдеме кейбір үлескерлердің наразылығымен тұспа-тұс жасалды.
Президент жанындағы коммуникация орталығындағы брифингте құқық қорғаушылар Қазақстанда адам құқығын бұзу «жүйелі құбылысқа айналмағанын» мәлімдеді. Алматыдағы өзге белсенділер пікірі басқа.
«Қамқорлық» қоғамдық ұйымының жетекшісі Евгений Цай Азаттыққа Орталық коммуникациялар қызметінде айтып үлгермеген мәселесі жайлы баяндады. Оның брифингі тікелей эфирде үзілген еді.
Қостанай облысы Құсмұрын ауылының екі тұрғыны полицейлерді өздеріне күш көрсетті деп айыптайды. Шағымның бірі тергеуге берілді, екіншісі «қылмыс құрамы жоқ» деп кері қайтарылды.
Астанада мәдениет мәселесін талқылайтын халықаралық форум 43-ICTM Әлемдік конференциясы өтіп жатыр.
Астанадағы даулы пәтерлер тұрғындары өз проблемаларына биліктің назарын аударту үшін қаладағы орталық даңғылды жаппақ болды.
Жамбыл облысындағы ЖД-158/2 колониясының қызметкері қамаудағы адамды ұрып-соғып, қинағаны жайлы тұтқын туыстарының шағымынан соң қызметтік тексеру басталды.
Астанада локомотив зауытының жұмысшылары жалақының азайғанын айтып, кәсіпорын дағдарысқа ұшырады деп шағымданады. Зауыт басшылығы өндірістің "жартылай" жұмыс істеп жатқанын мойындады.
Қазақстан астанасында қала күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр.
Ақтау қаласының жетім балаларға арналған балалар ауылының 60 тәрбиеленушісі Бурабай шипажайындағы бес күндік демалыстан соң Астанаға келді. Төбелестен кейін оларды ауылға қайтарды.
Өскемен қаласында бұрынғы тұтқындарға арналған бейімдеу орталығының жағдайы шешілмей тұр. Табиғатты қорғау аймағында орналасқан орталық ғимараты сот шешімімен бұзылуы тиіс.
Астанадағы "Махаббат" тұрғын үй кешені белсенділері президенттік "Нұр Отан" партиясынан өздері тап болған әлеуметтік жанжалды шешуге көмектесетін қоғамдық кеңес құруды сұрайды.
Астана полициясы базарда болған жанжалдан кейін 18 адам тұтқындалғанын хабарлады. Куәлердің айтуынша, қайыр сұраған келіншек пен күзетші сөзге келіп, оқиға орнына бір топ ызалы адам жиналған.
Азаттық тілшілерінің Қостанай облысындағы жүз мыңдаған киік қырылған өңірден жасаған арнайы репортажы.
Қостанай облысындағы киік қырылған Қабырға ауылында мал да өле бастады.
Тағы