Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Азаттық тілшілері Қостанай облысындағы Қабырға ауылы маңынан ересек бес киік пен бір лақтың өлексесін тапты. Жергілікті билік бұл маңдағы киік қырғыны тыйылғанын айтады.
Астаналық белсенді Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында «сайлау және сайлану құқығым бұзылды» деп санайды. Астананың Сарыарқа аудандық соты арызды қараудан бас тартқан.
Бүгін парламент депутаты Айгүл Соловьева Қазақстанда «коррупциялық қылмыс көбейгені байқалады» деп мәлімдеді. Бірақ ол былтыр қанша қылмыс жасалғанын айтпады.
Алматылық азаматтық белсенді Бақытжан Төреғожина өзінің бейбіт жиын өткізу еркіндігі жайлы БҰҰ-ның адам құқығы комитетінің былтырғы шешімі Қазақстанда орындалмай отырғанын айтады.
Оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырушы деп танылған парламент сенаты аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевқа еркіндік берілді.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сирия оппозициясының Астанадағы үш күндік келіссөзіне қатысты ешқандай комментарий бермеді. Бірақ қорытынды құжатқа кейбір тараптардың қол қоймағаны хабарланды.
Ішкі істер министрлігі «елді мекендерді су тасқынына даярлау туралы нұсқауды орындамаған» кейбір әкімдерді жазалауды ұсынады. Ресми дерекке қарағанда, биылғы су тасқыны кезінде үш адам қаза тапқан.
Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалайтын есеп комитеті төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин «бюджетті жоспарлау сапасы нашар» деп мәлімдейді.
ЖСДП мүшелері жетекшілерінің президент сайлауы өткен соң ғана саяси белсенділік танытқанына сын айтты.
Астаналық құқық қорғаушы Талас Сағымбаев премьер-министр Кәрім Мәсімовтің әкесіне – бизнесмен Қажымқан Мәсімовке 300 мың теңге айыппұл төлемеді деген айыппен үш жылға дейін сотталуы мүмкін.
Қазақстанда қатыгездік, тұрмыстағы зомбылық және адам саудасынан зардап шеккендерге уақытша "қауіпсіз баспана" ұсынатын жоба сыналып жатыр.
Білім министрлігі баламасыз қазақ тілі оқулығын шығарды. Биыл күзде оны елдің 30 мектебінің 1-11 сыныптарында сынақтан өткізбек. Бірақ жаңа оқулықтардың сапасына министр де күмәнмен қарайды.
Жуырда «Халықтық IPO» қосымша жекешелендіру бағдарламасы аясында халыққа «ҚТЖ», «Қазатомпром» мен «Самұрық-Энерго» акциялары ұсынылмақ.
Қазақ зағиптар қоғамы басшысы «сеніп тапсырған мүлікті жымқырды деген айыппен қылмыстық іс заңсыз қозғалды» дейді. Ұйымдағы ұзаққа созылған жанжалдың жаңа айналымы басталды.
Парламенттегі «Нұр Отан» фракциясы ұсынған «Волонтерлік қызмет туралы» заң жобасы волонтерлерді тіркеуге қоюды көздейді.
Жоғарғы сот судья қызметіне кандидаттарға мемлекеттік тілден күрделендірілген емтихан тапсыртып, психологиялық тестілеуден өткізбек.
Астанада екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандықтардың беймәлім ерліктері туралы «Ұмыт қалған қаһармандар. Совет Одағының батырлары» кітабының тұсаукесері өтті.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау күні сол жағалаудағы жолдар жабылып, көлік кептелісі пайда болды. Астананың көп тұрғыны қоғамдық көліксіз жаяу қалды.
Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстан президенті сайлауында сайлаушының таңдау құқы шектелді дейді. ТМД өкілдері баламасыз сайлауды қазіргі басшының «талассыз беделіне» балайды.
Астанада президент сайлауына 3 күн қалғанда Қазақстан халқы ассамблеясында сөйлеген президент Нұрсұлтан Назарбаев «қазақстандықтардың 93 пайызынан көбі елдегі жағдайға риза» екенін айтып, халықты «елдегі тұрақтылықтың» қадірін білуге шақырды.
Тағы