Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Бүгін Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің орынбасарлары Астана ортасындағы наразылық акциясы сегізінші күнге ұласқан проблемалық борышкерлермен кездесті.
Билік орындары журналистерді Қазақстан астанасындағы сайлау учаскелеріндегі жұмыспен таныстырды.
Астана қаласының орталығындағы акцияның үшінші күні ондаған борышкердің бірі Ғалия Қасенова жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.
Астана орталығындағы акцияның үшінші күні ондаған борышкердің бірі Ғалия Қасенова жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.
БҰҰ-ның улы қалдық заттар жөніндегі арнайы өкілі Башкут Тунчак Ақмола облысындағы Калачи және Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылы тұрғындарын көшіру қажет деп мәлімдеді.
Орталық сайлау комиссиясы «елегінен» өтпеген Қазақстан президенттігіне кандидаттыққа бұрынғы үміткерлер «сайлауға түсу құқымыз бұзылды» деп мәлімдеп, елдің сайлау жүйесін жетілдіруді талап етеді. Кейбірі сотқа жүгінетінін айтты.
Астанада Қазақстан-Ресей интеллигенциясы форумы ашылып, оны болашақта тұрақты өткізу жоспарланды. Жиынға қатысушылар мәдени жетістіктермен алмасып, «бірыңғай ақпараттық орта» құруға шақырды.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталды.
Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттерінің Ақордадағы кездесуі бейресми жиын деп хабарланды.
Қазақстан шаруалары ет экспорты көлемін ұлғайтуды армандағанымен, ет импортымен бәсекелесе алмай отыр. Енді бәсекелестер қатарына Ресей импорты қосылған.
Астанада режиссер Әділхан Ержановтың «Қожайындар» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картина көрермендер арасында дау тудырды. Кейбір көрермендер оны кезінде дау туғызған «Борат» комедиясымен салыстырып, «арандататын фильм» деп атады.
Астанада жер телімін «мемлекет қажетіне» алуға наразылардың билік рұқсат еткен жиынына отыздан аса адам қатысты.
Биыл Астананың ескі бөлігіндегі құбырдан су тартатын 19 колонканы алып тастау жоспарланған.
Калачи ауылының бұрынғы тұрғыны Александр Павлюченконың Ресейде тұрып жатқанына бір жылға таяды. Ол «ұйқы дерті» меңдеген ауылдан бар дүние-мүлкін тастап кетуге мәжбүр болғанын айтады.
ВИЧ жұқтырған әйелдерді кемсіту мен құқықтары бұзу тыйылмай отыр деп мәлімдеді Астанада қоғамдық ұйым өкілдері.
Белсенділер биыл Қазақстанда «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасы қабылданады деп үміттенеді. Жобада "ақпаратты халықтың адамгершілігін қорғау үшін шектеу" қарастырылған.
Бүгін Астанада М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс театрында«Томирис – сақ патшайымы» спектаклінің премьерасы өтеді. Қойылым Болат Жандарбековтің "Сақтар" романының желісі бойынша сахналанған.
Астаналық Вадим Курьеровтің әр күні қиындыққа толы. Ол тіпті пандусы жоқ үйінен далаға өз бетімен шыға алмайды.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласының кезіндегі қарсыластары Рахат Әлиевтің "асылып өлгеніне" сене алмай, әрі-сәрі күй кешкендерін айтады.
Қазақстан шетелден жұмыс күші ағылуы мүмкін деген қауіппен көші-қон заңдарын күшейтіп жатыр. Ал еңбек мигранттары «Қазақстанға баруға құлқымыз жоқ» дейді.
Тағы