Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Заңгер Антон Фабрый ерте парламент сайлауында кандидаттардың ешбіріне дауыс бергісі келмеген, яғни «бәріне қарсы» болған сайлаушылар алданып қалды деп біледі.
Жеті баланың анасы Лилия Круглова тұратын үйдің асты батпаққа айналған. Олар күнде таңертең құрқылдаған бақа даусынан оянады.
«Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы таныстырылған соң кейбір депутаттар оны халыққа қарсы құжат деп атап, үкіметтің қайта қарауына жіберуді сұрады.
Астанада жеті полицей видео жариялап, моральдық зиян келтірген адвокаттан 500 мың теңгедей өтемақы өндіруге тырысып жүр. Видеода олардың портфелін ашпаған адвокатты сотқа кіргізбеген сәті түсірілген.
Астана мәслихаты жаңа депутаттармен толықты, олардың бір бөлігі -бұрын бірнеше мәрте сайланғандар. «Ескі» және «жаңа» депутаттарға ортақ нәрсе - олардың бәрі «Нұр Отан» билік партиясы мүшелері.
Мәжіліс пен мәслихат сайлауына түсіп жатқандар арасында көбінесе «Нұр Отан» партиясы ұсынған жастар көп. Бірақ олардың сайлау бағдарламаларын табу оңай шаруа болмай шықты, жас кандидаттар өзі жайлы ештеңе айтқысы келмейді.
Мәслихат депутаттығына үміткер болған, бірақ сайлауға түсу құқығынан айырылған астаналық белсенділер «сайлау комиссиясының өзі заң бұзушылықпен құрылып жатыр» дейді. Билік басқаша түсіндіреді.
Кезектен тыс парламент сайлауына Қазақстанда тіркелген жеті партияның алтауы ғана қатысады. Оппозициялық «Азат» партиясы сайлауға қатысуға құлық танытпады. Бір қызығы, билік «Азаттың» партияны жою жайлы өтінішін әлі орындамай келеді.
Мәслихат сайлауына өздерін ұсынған астаналық Фатима Жандосова мен алматылық Әсия Төлесова қайта тіркелуге тырысып жүр. Оларды салық декларациясы сәйкеспеді деп сайлаудан шеттеткен.
Астаналық адвокат Бауыржан Азанов сот күзетінің портфелін ашып, ішін көрсету талабы орынсыз екенін дәлелдеуге тырысып жүр. Күзет талабын орындаудан бас тартқаны үшін оны сот отырысына кіргізбей қойған.
Астана соты «Арқанкерген» заставасында қаза тапқан шекарашы Денис Рейдің анасының ҰҚК мен бас прокуратураның үстінен берген талап-арызын қанағаттандырған жоқ.
Былтыр жыл аяғында қоғамда шу болған Астана орталығында тұратын Мейрамовтар отбасын үйінен шығару енді көктемге жоспарланған. Отағасы «үйімді бұзуды сол күйі тоқтата алмадым» деп қынжылады.
Сот Астана құрылысында өндірістік жарақат алған Қырғызстан азаматы Элдияр Окомбаевқа 150 мың теңге өтемақы төлеуге қаулы етті. Ол бұл сомаға келіспейді, ал жұмыс беруші талап-арызға бүтіндей қарсы.
Оппозициялық ЖСДП мерзімінен ерте мәжіліс сайлауы науқанын әлеуметтік желілерде жүргізбек. Газетке үйренген адамдар «ақпаратты әлеуметтік желіден алып үйренбегенбіз» деп кейиді.
Астана сотынан ҮЕҰ қызметіне қатысты деректерді беру ережелерін заңсыз деп тануды сұрайды. Азаматтық сектор өкілдерінің кейбірі мұны «мемлекетке тәуелсіз бірлестік құру құқымызды бұзу» деп атайды.
Ақпанның 18-і күні Қостанай облысында 33 жастағы Расим Байрамовты жерлейді. Ол өзін азаптаған полицейлерді жазалата алмады. Адвокат дерегінше, полицейлер ішкі істер органдарында әлі жұмыс істеп жүр.
Наурызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызмет түрлерінің бірыңғай провайдері іске қосылады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты оны да «бір терезе» түрінде ұйымдастырмақ.
Данияр Ақышев те ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов сияқты теңгеге қатысты «жағымсыз сценарийлер болмайды» деп уәде береді. Бірақ ұлттық валюта нығаюдан гөрі құлдырауға бейім.
Астанада Ресей елшілігі консулдығына сол елдің «Отандастар» бағдарламасына құжат өткізуге күніне ондаған адам келеді. Елшілік мәліметінше, ТМД-да негізінен бұл бағдарламаға Қазақстан азаматтарының ықыласы ерекше.
Сот отырысы кезінде адвокаттар мен процеске қатысушыларға ұялы телефон мен диктофонды пайдалануға тыйым салынып, қорғаушы тараптың өтінішін қабылдамай тастау фактілері кездеседі.
Тағы