Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Биыл мемлекеттің ақпараттық саясатын жүргізуге 41 миллиардтан аса теңге бөлу жоспарланған. Бірақ бұл ақшаның нақты сомасы мен игеру тәртібі жайлы ақпарат алу қиын.
Ресейлік азаматты Қырғызстанға экстрадициялағаны үшін өтемақы төлеуден бас тартқан Қазақстан билігі үстінен БҰҰ-ның арнайы өкіліне шағым жолданды. Ол азаматты Қырғызстанда «азаптаған».
Білім және ғылым министрлігі бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірледі. Енді дін белгілерінің бәріне тыйым салынуы мүмкін.
Астана қаласының Сарыарқа аудандық 2-сотында «Таблиғи Жамағат» тобының мүшелері делінген адамдардың соты басталды. Айыпталған бес адамның кейбірі таққан айыппен келісті.
Ресейлік «Плюс Банк» 83 пайыз акциясы Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков 70 пайызына иелік ететін «Цеснабанктің» меншігіне өткенін хабарлады. Акционерлер құрамында әкімнің әйелі мен ұлы және інісі бар.
Астанада қаңғырбас жануарларды қорғаумен айналысатын белсенділер тобы ақысын төлеп уақытша қарауға өткізген ит-мысықтарды іздеп жатыр. Жануарларды паналату орны иесі «картотека жүргізбеймін» дейді.Полиция «бөтеннің мүлкін ысырап ету» бабы бойынша іс қозғаған.
Астаналық ата-аналар балабақша ақысы екі есе қымбаттағаны көрсетілген түбіртек алған. Білім басқармасы мамандары «балаларды тамақтандыру қымбаттап кетті» деп түсіндіреді.
Өскемендік гей жігіттің қазасы түрткі болған зерттеудің алдын ала қорытындысы Қазақстанда жыныстық азшылық өкілдеріне төзімділік таныту ахуалы нашар екенін аңғартады.
Теңге девальвациясы мен экспортқа шығатын шикізат бағасы арзандаған соң бюджетті толтыру қажеттігі туғанын жариялаған Қазақстан ондаған компанияны сатуға қоймақ.
Қазақстандық Әділ Жәлелов (Скриптонит) Ресейде «Жыл рэпері» атанды. Қазақстанның солтүстігіндегі шағын қаладан шыққан әрі бұрын танылмаған музыканттың альбомы орыс рэпі жайлы пікірді өзгертті.
2015 жылы Қазақстанда киіктер жаппай қырылды. Киіктердің қырылу себебіне қатысты дау әлі аяқталмады. Жергілікті ғалымдар жойылып кету қаупі төнген жануарларды сақтап қалу шараларын ұсынады.
Астанадағы үйінде үш баласымен тұрып жатқан Мейрамовтар отбасы жаңа жыл мерекесінен кейін далада қалатын сыңайлы. Өтемақыны бөлуге қатысты туған дау олардың пайдасына шешілмеген.
Астаналық кей ата-ана «балаларға жаңажылдық қойылымға билет алуды міндеттеді» дейді. Ал білім басқармасы «сынып мұқтаждығы» үшін ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынғанын ескертеді.
Қазақстанда діни экстремизм айыбы бойынша қозғалған қылмыстық істер көбейе бастады. Сот сараптама орталығы діни сараптама жүргізу ісін жеке мамандарға беруді ұсынады.
«Судьяға жала жапты» деп айыпталған қостанайлық заңгер Болат Байтьяков үкімнің күшін жоюды талап етіп, кассациялық алқаға жүгінген. Халықаралық заңгерлер комиссиясы заңгерге араша түсті.
Астаналық бір топ құрылысшы жалақыны төлемеуге қарсы наразылық білдіру үшін митинг өткізуге сот арқылы рұқсат алуға тырысып жүр. Бір қиындығы, олар жұмысты жазбаша келісім-шартсыз орындаған.
Астанада бір топ жұмысшы еңбекақы төлеміне байланысты шеруге рұқсат етпеген қала әкімдігін сотқа берді.
Жуырда NASA ғарыш агенттігі Қостанай облысында табылған жұмбақ әрі көне топырақ үйінділерінің суреттерін жариялады. Олардың бірі түгелге жуық жойылып кеткен.
Дін істері комитеті Астанада журналистерді «радикалдық діни ағым идеяларын таратуға» қарсы іс-қимылға үйрететін семинар-тренинг өткізді.
Шенеуніктер хиджабқа қатысты бірыңғай позиция белгілеуді және оқу орындарына антитеррористік үгіт-насихат негіздері пәнін енгізуді сұрайды.
Тағы