Ақсәуле Әбітай - Азаттықтың Жамбыл облысындағы тілшісі. Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Қордайда болған қазақ-дүнген қақтығысына байланысты сот аяқталды. 51 адамға үкім шықты. Біреуі ақталды. Қалғандары 2 жылдан 20 жылға дейін сотталды. Адвокаттар үкіммен келіспей, апелляцияға шағым түсіретінін айтты.
Таразда Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты айып тағылған 51 адамға сот үкімі оқылды. Ең ауыр жаза - 20 жыл түрме жазасы. Бір адам толық ақталып шықты. Дүнгендер қауымдастығы өкілі шабуылға ұшыраған ауылда тұратын азаматтар "өз үйін қорғағаны" үшін сотталғанын айтып, үкім әділ емес деп санайды.
Жамбыл облысы, Қаратау қаласының тұрғыны 24 жастағы Аяжан Жуатай бала кезінен сал ауруына шалдыққан, аяқ-қол сүйектері істемейді. Бұған қарамастан оның арманы асқақ.
19 ақпанда көппәтерлі тұрғын үйде бес бірдей бүлдіршін қыршын кеткен қайғылы оқиғадан соң көпшілік Жаңатас деген қаланы қайта есіне түсірді. 1990 жылдары тоқыраудың символына айналған моноқаланың бүгінгі тыныс-тіршілігімен Азаттық тілшісі танысып қайтты.
Жамбыл облысындағы Жаңатас кентінде үйде ата-анасы жоқта шыққан өрттен қаза болған бес баланы 20 ақпанда әкесінің ауылына жерледі. Отбасына ауыр қайғы әкелген төтенше оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаны "ел басына түскен трагедия" деп атаған.
10 қаңтарда Қазақстанда парламент сайлауы өтті. Кешке сайлау учаскелері жабылып, дауыс санау процесі болды.
Азаттық журналистері Қазақстанның әраймағындағы сайлаушылардан "Сайлаудан қандай нәтиже күтесіз?" деп сұрады.
Жамбыл облысы әкімдігіне көпбалалы әйелдер жиналып, 21 мың теңге жәрдемақыны қайтаруды талап етті. Олар көпбалалы аналарға берілетін жеңілдік, жәрдемақылардың бәрін жойып, бала басына 21 мың теңгеден төлеу керек деді.
Қазақстанда сайлау жақындағанда "заңсыз үгіт-насихат жүргізді" деп жауапқа тартылып жатқандар көбейді. Олардың дені - "Ақ жол" партиясын қолдауға шақырып жүргендер. Партия басшылары бұған алаңдаушылық білдіріп, ішкі істер министрлігіне сауал жолдаған.
Биыл шілдеде бір жылға сотталып, жазасын Жамбыл облысындағы ЖД-158/5 қоныс колониясында өтеп жатқан белсенді Санавар Закирова "өзге әйелдерден қауіп төніп тұрғанын" айтады. Сөзінше, колония басшылығы жанына өзіне күш көрсеткен әйелді отырғызған.
3 желтоқсанда Тараз қаласында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қазақ-дүнген жанжалына байланысты алдын-ала сот тыңдауы өтті. Күдікті 51 адамға түрлі айып тағылған.
2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауы өтеді. Мәслихат депутаттары алғаш рет партиялық тізіммен сайланады. Тәуелсіз кандидаттар сайлауға түсе алмайды. Сарапшылар мұны адамның сайлану құқығын шектейтін кедергі деп санайды.
Әкім тапсырмасы бойынша Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында негізгі көшелердің бойындағы тұрғын үйлердің сырты сырланып жатыр. Сырт көзге көрікті көрінгенімен үйлердің аула жақ қабырғалары боялмаған, жөндеу көрмеген.
Қазақстан биыл жоғары білімді бакалавр дәрежесін алуға 53 мыңнан астам студентке грант бөлді. Әрбірін төрт жыл оқытуға кемінде 1,6 миллион теңге жұмсалады. Есесіне дипломды кондуктор, жоғары білімді жұмысшы көбейді. Сарапшылар маманға сұранысты анықтау механизмін түбірімен қайта қарау керек дейді.
Қазақстанда жеті жүз мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам бар, олардың 67 мыңы – бірінші топтағы мүгедек. Олар өздеріне жүріп-тұруға аса қажет инватакси қызметін жақсартса деген өтініш айтады. Жамбыл облысында инватакси қызметін бір мыңнан астам бірінші топтағы мүгедек пайдаланады.
Қазақстанда індет кезінде Covid-19 пен пневмониядан кемінде қырық жүкті әйел көз жұмған. Кейбірінің туысы тиісті жәрдем көрсете алмады деп медицина мекемесін сынайды. Дәрігерлер науқасты хаттамаға сай емдегенін айтады. Азаттық індет өмірін қиған үш ананың хикаясымен танысты.
Жуалы аудандық ауруханасындағы "ақша жинауды" айтқан мейіргердің президент Тоқаевқа видеоүндеуінен соң бас дәрігердің орынбасары қызметтен кетті.
Жұрт сайлауға түскен кандидаттарды біле ме?
Телесабақ дайындаған мамандардың сөзінше, төртінші тоқсан басталуына 10 күндей уақыт қалғанда 300-ге жуық мұғалімге 3000-нан аса видеосабақ түсіруге мәжбүр болды. Камера алдына алғаш шыққан мамандардың сөзінше, теледидардан сабақ бере алу үшін оқушыларының суретін жапсырып қоюға да тура келген.
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған дәрігер Толқынай Ордабаева ауруханадағы жағдайға шағымданады.
Тағы