Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Эльвира Еркебаева 1,5 жылдан бері қамауда отыр. Оған күйеуін өлтіруге адам жалдады деген айып тағылған. Әйел айыпты жоққа шығарып, жиырма жыл зәбір көрсеткен адамнан қорғану үшін тек қару сатып алмақ болғанын айтады. Эльвираны полиция арнайы операция аясында ұстаған.
Астананың қақ ортасындағы Кіші Талдыкөл маңында құрылыс қарқын алған. Айналада бірнеше зәулім тұрғын үй кешені салынып жатыр. Экобелсенділер мен тұрғындар кейінгі кезде көл маңына қоқыс тастау жиілеп кетті деп алаңдайды. Олардың сөзінше, көлге ұшып келетін құстар да жылдан жылға сиреп, азайған.
8 мамырда Украина Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алды. Ал Ресей мерекені 9 мамырда әскери шерумен атап өтпек. Парадқа қатысуға Қытай басшысы барды. Кремль Орталық Азия елдері және өзге де елдердің президенттері салтанатты іс-шараның ішінде болады деп хабарлады.
Астанада Екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына орай әскери шеру өтті. Қазақстан билігі араға 5 жыл салып парад өткізуін атаулы датамен байланыстырады. Ал әскери сарапшы бұл Ресейдің ықпалы дейді. Іс-шара қалай өтті?
Ресей Қызыл алаңда әскери шеру өткізуге дайындалып жатыр, ал Украина сарбаздары Екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығы қарсаңында Лондондағы шеруге қатысты. Вашингтон Ресейге жаңа санкция пакетін дайындап жатқаны хабарланды.
2000 жылы Қазақстанға келіп, артынша азаматтық алған Абдул Халил Наджибулла арада 20 жыл өткен соң азаматтығынан айырылды. Ақмола облысы полиция департаменті оған осы уақыт ішінде Ауғанстаннан біржолата қоз үзбей, қос азаматтықпен жүрген, ұлты қазақ емес деп айып таққан.
Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы басқыншылығын өзі күткен нәтижемен аяқтай алатынын, «ядролық қару қолданудың қажеті жоғын» мәлімдеді. АҚШ президенті Трамп «екі президент әбден өшігіп отыр, татуласуы қиын» деді. Украина Курск облысына қайта басып кіруге әзірленіп жатқан хабарланды.
"Болашақтың сәулетшілері" қорының негізін салушы, кәсіпкер Марат Әбиевке биыл ақпанда тағы бір айып бойынша 9 жылға сотталды. Оған "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды", "экономикалық қылмыс жасады" деген айып тағылған. Әбиев бұған дейін 7 жылға сотталып, түрмеде отырған еді.
Еуроодақ Орталық Азияға бөлеміз деген 12 млрд еуроның қай бөлігі Қазақстанға бағытталады? Әріптес ретінде Брюссельдің артықшылығы қандай? Одақтың Қазақстандағы елшісі осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.
Ресей мен Украина үзіліс жариялауға әзірленіп жатқанда әуе шабуылы күшейді. Еуропа елдерінің басшылары Украинаға бітімгер әскер жіберу жайын талқыламақ. Ал Ресейдің Курск облысына бейбіт халық қайта орала бастады.
АҚШ Украина және Ресеймен жеке-жеке келіссөз өткізіп, Қара теңізде 30 күн атысты тоқтатуға келісті. Сонымен бірге екі тарап инфрақұрылым нысандарына да оқ атпайтын болды.
2006 жылы Шымкент ауруханаларында қан құю кезінде екі жүзге тарта бала ВИЧ жұқтырғаны анықталды. Олардың үлкені 14 жаста, кішісі жаңа туған нәресте болатын. Қазір бұл балалардың алды үйленіп, отбасылы болды. Өмірге дені сау бала әкеліп жатыр.
Украина қарулы күштері өткен түні Ресей әскерінің екі жүзден астам шабуылын тойтарғанын мәлімдеді. Ресей тарабы Украинаның газ қондырғылары бар инфрақұрылымын атқылап жатыр. Америкалық соғысты зерттеу институтының дерегінше, Ресей әскері биыл көктемде айтарлықтай әлсіреген.
Ресей Украина президентінің туған қаласы Кривой Рогты бомбалап жатыр. АҚШ-тың лауазымды өкілі Зеленскийдің сейсенбідегі мәлімдемесінен соң, Украинамен қатынаста жылымық пайда болғанын айтты. Франция ядролық қаруын Еуропа мен Украина үшін Ресей агрессиясынан қалқан ретінде пайдаланатынын мәлімдеді.
Ресей әскері Украинаға шабуылды үдетті. Одесса қаласы екі күннен бері дрон шабуылының астында қалды. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресстің бірлескен жиынында сөз сөйлеп, Владимир Зеленскийден маңызды хат алғанын айтты. Еуропа тарабы қарулы күштерді нығайтуға арнайы қор құрмақ.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға барлық әскери көмек түрін тоқтата тұруға шешім шығарды. Сарапшылар мұның салдары ауыр болатынын айтады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский "ең ірі серіктесінен" әлі де күдер үзбейтінін мәлімдеді.
АҚШ пен Украина президенттерінің Ақ үйде журналистер алдында сөз таластыруы әлемдік геосаясатта үлкен дүрбелең тудырды. Осы «айтыстан» кейін Еуропа лидерлері Украинаға қолдау білдіріп, жаңа бейбітшілік жоспарын әзірлейтінін мәлімдеді.
Дәл қазір Ақ үйде Украина президенті Владимир мен АҚШ президенті Дональд Трамп кездесіп жатыр. Олар бағалы минералдар туралы келісімге қол қоймақ. Ал Ресей әскері Украинаны атқылауды тоқтатар емес.
27 ақпанға қараған түні Мәскеу мен Киев бір-біріне жүздеген дрон атты, Ресейдің әуе шабуылынан Украинада 5 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Ал Ресей жағында бір адам опат болды. АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар жөніндегі келісімге осы апта қояды. Зеленский сол үшін Вашингтонға бармақ.
АҚШ пен Украина пайдалы қазбаларға қатысты келісім жобасының шарттарын мақұлдады. Егер өзара келісімге қол жетсе соғыс біте ме?
Тағы